Ван Перси жаңа маусымды МЮ сапында бастайды

Ван Перси жаңа маусымды МЮ сапында бастайды

Лондондық «Арсенал» «Манчестер Юнайтедпен» голландиялық шабуылшы Робин ван Персидің «МЮ» сапына ауысатыны жайлы түбегейлі келісімге қол жеткізді.

Бүгін, 16 тамыз күні, Ван Перси жеке келісім-шартқа байланысты мәмілеге келу және мединалық бақылаудан өту үшін Манчестерге келеді.

Британдық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, голландық футболшының ауысымы 24 миллион фунт стерлингті құрайтын болады.

Айта кетсек, Голландия құрамасының шабуылшысы 2004 жылы «Фейенордтан» «Арсеналға» ауысқан еді. Ол лондондықтар сапында өткізген сегіз маусымда жалпы 270 матчқа қатысып, 132 голдың авторы атанды.

«Канонирлермен» бірге Робин 2004 жылы Англия Суперкубогын, 2005 жылы Англия Кубогын жеңді. Төрт рет үздік бомбардир атанды. Ал өткен маусымда Ағылшын Пермьер лигасының «Алтын бутсы» иегері атанды.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vk.com

Ж. FM