Бокстан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Бокстан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады
Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысындағы үш аптаға созылатын оқу-жаттығу жиындарын бастады. Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Боксшылар оқу-жаттығу жиынындағы дайындықтарын тығыз достық қарым-қатынаста бастап кетті. Дайындық жұмыстары барысында қазақстандық боксшылар Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, көптеген ғылыми еңбектердің авторы Остьянов Вадим Наумовичтен дәріс алатын болады.

Кезекті оқу-жаттығу жиындары алдында ұлттық құрама желтоқсан және қаңтар айларында туған күні өткен спортшыларды құттықтап, дастархан жайды. Қуаныш иелеріне естелік сыйлықтар табысталды. Әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы гитарамен ән айтып, кеш көрігін қыздырды.

Назарларыңызға фотограф Данияр Майлыбаевтың боксшылардың оқу-жаттығу жиынындағы әр сәттерінен түсірген фоторепортажын ұсынамыз.

Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер қосыны

Ұлттық құрама боксшылары

Құрама капитаны - Данияр Елеусінов

Әділбек Ниязымбетов

Антон Пинчук

Иван Дычко

Берік Әбдірахманов

Абылайхан Жүсіпов

Жаттықтырушы Марат Жақиев

Футбол ойыны

Жәнібек Әлімханұлы

Дастархан басында

О. Сансызбай