Келесі кезеңге өтуге «Ақтөбенің» мүмкіндігі бар

Келесі кезеңге өтуге «Ақтөбенің» мүмкіндігі бар

«Ақтөбе» командасы Еуропа лигасының іріктеуі аясындағы «Генкпен» бірінші кездсеуін Бельгияда өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді міне бүгін Ақтөбенің орталық алаңында қарымта кездесуін өткізеді. Бұл кездесуде Еуропа төрінде өнер көрсетіп жатқан жалғыз командамыз міндетті түрде жеңуге тиіс. Муханов шәкірттерінің дайындығы керемет. Енді тек бағы жанса болғаны «Ақтөбенің». Тап осы кездесу алдында қос ұжымды баптайтын бапкерлер БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Баспасөз барысында алғашқы болып сөзді Владимир Муханов бастады:

Жаттығу жұмыстарымыз жақсы өтті. Енді тек сәттілік және жігіттердің өз мүмкіндіктерін дер кезінде пайдалана алса болғаны, келесі кезеңге шығуымыз керек. Бүгінгі кездесуде жанкүйерлердің рөлі де екерше болады. Сондықтан да стадионға келген барша жанкүйерлерді қолдарынан келгенше бізді қолдап-қолпаштап отырса екен деген тілегім бар.

Қарымта ойынға тәжрибелі Петр Бадло қатыспайды. Оның орнына алаңға бүгін кім шығатынын анықтап қойдыңыз ба?

Бізде таңдау аса көп емес. Дегенмен бір-екі нұсқамыз бар. Бірақ қазір айтпаймын, кешке ойын барысында кімді алаңға шығаратынымызды көретін боласыздар.

Демек, сіз қазір алаңға шығатын он бір ойыншының тізімін айтпайсыз деген сөз ғой ...

Иә. Алаңға шығатын негізгі құрамды кешкі ойын барысында көретін боласыздар. Әзірше ол жағын құпия ұстап отырғанды жөн көремін.

Муханов сөзін аяқтаған соң, тілшілер «Генк» клубының бас бапкері Томас Буффелді сұрақтың астына алды.

Буффел мырза, Ақтөбеден алған әсеріңізбен бөлісе отырсаңыз ...

Бірінші айтқым келетіні – бұл жер тым ыстық екен. Біз командамызбен қаланы серуендеуге шыққан болатынбыз. Бірақ  минут өтпей жатыр қонақүйге қайта кіріп кеттік. Қонақжайлылыққа келетін болсақ, бізді өте жылы қарсы алды. Бізге барлығы ұнап жатыр. Барлық жағдайымызды жасаған.

Командаңыздың дайындығы қалай?

Жігіттердің дайындығы жаман емес. Бірақ барлығын ойын көрсетеді. Тағы бір айта кететін жәйт, сіздердің командаларыңыз шабуылда өте  жақсы ойнайды. Сондықта да менің жігіттеріме бүгін оңай соқпайтыны анық. Дегенмен келесі кезеңге кім шығатынын кездесу аяқталған соң білетін боламыз.

Еуропа лигасы аясында «Ақтөбе» мен «Генк» арасындағы кездесу бүгін астана уақытымен  басталады. Бұл кездесуді сізден «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінде көре аласыздар. 

Сурет:fc-aktobe.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM