Чехия елінде тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты аяқталды

Чехия елінде тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты аяқталды

Тоғызқұмалақтан болған әлем чемпонатында қазақстан елінің өкілдері сайыстың барлық түрінен алтыннан алқа тақты деп хабарлайды Массагет.кз Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Әлем чемпионаты шілде айында ерлер мен әйелдер арасында үш сайыс бойынша басталған болатын: блиц (7 минуттан), рапид (25 минуттан), классика (90 минуттан). Жарысқа Германия, АҚШ, Ресей, Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан елдерінен келген 47 спортшы қатысты.

Блиц.

Ерлер арасында:

1-орын. Айдос Сейтжан (Қазақстан)

2-орын. Хакімжан Елеусінов (Қазақстан)

3-орын. Құбан Сазаев (Қырғызстан)

Әйелдер арасында:

1-орын. Асел Далиева

2-орын: Фарида Әуеспаева

3-орын. Эмиля Құдйбергенова (Қырғызстан)

Рапид.

Ерлер арасында:

1-орын. Серік Ақтаев (Қазақстан)

2-орын. Айдос Сейтжан (Қазақстан)

3-орын. Мақсат Шотаев (Қазақстан)

Әйелдер арасында:

1-орын: Диана Кенина (Қазақстан)

2-орын. Фарида Әуеспаева (Қазақстан)

3-орын. Гүлжан Мағауова (Қазақстан)

Классикалық.

Ерлер арасында:

1-орын: Хакімжан Елеусінов (Қазақстан)

2-орын: Сайлан Матылов (Қазақстан)

3-орын: Мірлан Құдайбергенов (Қырғызстан)

Әйелдер арасында:

1-орын. Асел Далиева (Қазақстан)

2-орын. Диана Кенина (Қазақстан)

3-орын.Гүлжамал Сарыкеева (Қырғызстан)

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: alaman.kz

Ж. FM