Сенсация орнамады. Қосалқы құрам арасындағы дода

Сенсация орнамады. Қосалқы құрам арасындағы дода

Қазақстанның ішкі біріншілігінің 19-турында қосалқы құрамдағы командалардың арасындағы ойындардың бірде-бірінде анау айтқандай жаңалық орын алмады.

"Ақтөбе" командасы қонақта алматылық "Қайрат" командасынан басым түсті. Айта кететін болсақ, аталған ойындағы бірінші голды жарақатынан енді айығып қатарға қосылған Руслан Балтиев ("Қайрат" командасы) соққан болатын. Алайда, Ренат Алжанов пен Абат Айимбетовтердің соққан голдары "Ақтөбеге" жеңіс сыйлады.

Қарағандылық "Шахтер" командасы да үш ұпайға ие болды. Бұл ойында "Атырау" командасының осал тұсын бірінші болып Мұртазаев тапса, екінші голды Вадим Боровский соқты. Екінші ойын бөлігінде Бикеев таразы басын теңестіруге тырысып, бір гол соққанмен, артынша Ветровтың соққан үшінші голы ойындағы тартысқа нүкте қойды. 

"Ертіс" командасы да үш ұпайға ие болғанмен, қарағандылық команданың соңында қалып келеді. Ал "Ақтөбе" командасы турнир кестесінің үшінші орнында.

Қазақстанның ішкі біріншілігіндегі қосалқы құрамдағы командалар. 19-тур.

"Қайрат" - "Ақтөбе" - 1:4

"Ордабасы" - "Тараз" - 2:0

"Ертіс" - "Қайсар" - 2:0

"Оқжетпес" - "Астана" - 1:3

"Ақжайық" - "Жетісу" - 1:4 

"Тобыл" - "Сұңқар" - 3:3

"Шахтер" - "Атырау" - 3:1

Сурет:niveaformen.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига