«Қайраттың» жаңа оқу-жаттығу кешені заманауи талаптарға сай жабдықталған

«Қайраттың» жаңа оқу-жаттығу кешені заманауи талаптарға сай жабдықталған
Фото: fckairat.kz

Кеше Алматы қаласында «Қайрат» футбол клубының «Бесағаш» жаңа оқу-жаттығу кешені ашылды. Соңғы заманауи талаптарға сай жабдықталған спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қала әкімі мен еліміздің футбол саласының өкілдері және «Қайрат» командасының ардагерлері қатысты.

- «Қайрат» - бәріміз мақтанатын тарихи клуб. Болашақта футболды негізінен қазақстандықтардың ойнайтындығына сенімдімін. Мемлекетіміз бұл салаға үлкен мән береді. Сондықтан да елімізде ірі-ірі халықаралық жарыстар өткізіліп, халықаралық стандарттарға сай спорт нысандары салынып жатыр. Жарыстардан басқа уақыттарда да мұнда қала тұрғындарына арналған спорттық және мәдени шаралар өтіп тұрады. Ал мына кешен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған. Олар осылайша елімізде спорттың дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Алдағы уақытта «Қайрат» командасында ойнауды үлкен құрмет санайтын шетелдіктер де болады деп сенемін. Біздің футболшылардың да әлемнің жетекші клубтарында ойнайтындықтарына сенімдімін, - деді Бауыржан Байбек.

Алматылық клубтың жаңа базасын салуға елімізде жасалған құрылыс өнімдері пайдаланылған. Кешеннің аумағы 12 гектарды алып жатыр. Мұнда 5 ойын алаңы бар. Оның үшеуі табиғи жасыл желек болса, екеуіне жасанды жасыл желек төселген.

- Біз құрылыстың аяқталып, базаның қолданысқа берілгенін мақтан етеміз. Бұдан төрт жыл бұрын мұндай «база саламыз» деген идеяға ешкім сенбеп еді. Бұл жұмыстарды итальяндық және шотландық компаниялардың мамандары атқарды. Екі алаң жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал жасанды алаң бамбук өсімдігінен жасалған. Мұнда «Қайрат» командасының 22 ойыншыдан тұратын негізгі және қосалқы құрамы жаттығатын болады. Енді бізде бұл кешенмен қатар, балаларға арналған үш футбол академиясы және жасөспірімдерге арналған бір мектеп-интернат жұмыс жасайды, - деді өз сөзінде «Қайрат» футбол клубының Қадағалаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

«Қайраттың» жаңа оқу-жаттығу кешені заманауи талаптарға сай жабдықталған

«Қайраттың» даңқты қақпашыларының бірі Құралбек Ордабаевтың қолы қойылған ескерткіш тақта

Жаттығу залы

Киім алмастыру бөлмесі

Кешеннің ішкі көрінісі

Жүйелік оқу жиындары өтетін бөлме

Жатын бөлмелер 

Кешеннің медициналық орталығы

Жүзу бассейндері

Клуб сапында өнер көрсететін футболшылар елдерінің тулары

Бильярд тақтасы

Компьютерлік ойындар бөлмесі

Футболшылар жуынатын бөлме

Команданың өз алаңындағы ойындарда киіп шығатын жейделері

Кешен іші

О. Сансызбай