"Ордабасыға" обал жоқ...

"Ордабасыға" обал жоқ...

"Ордабасы" тарихты жерге қаратты. Әйтпесе, тарих "Ордабасыны" орға жықты... Дәл бұлай айтуымызға себеп, кеше Еуропа Лигасында шешуші ойында өз алаңында шымкенттік "Ордабасы" командасы "Русенборг" командасынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Жеңілгенде де сұмдық жеңілді!

Ойынның бірінші минуттарынан-ақ  жылдам әрі ашық футбол орын алды. Эндрю Мвесигва алғашқы бұрыштамадан допты баспен бағыттап көрген болатын. Алайда, қақпа бағанасынан сыртқары кетті. Содан кейін Александар Трайкович жауап есебінде қарымта соққы жасап көрді. Бірақ, доп Алмат Бекбаев қорғаған қақпадан ары асып түсті. Ойынның 34-минутында Гуйе әріптестерімен алма-кезек пас алмасып жүріп, тамаша мүмкіндікті иеленді. Және бүкіл стадион қуаныштан төбелері көкке бір елі жетпей қалды. Есеп:1:0.

Ойынның екінші бөлігі қызықты да тартымды өтті. Даниэль Фредхейм-Хольм стандартты өте қауіпті орындап, нәтижесінде ойын таразысын теңестіріп тастады. Одан кейін шымкенттіктердің қос бірдей мүмкіндігі зая кетті. Тәжімбетов сәт сайын ойыннан тыс қалып жатса, Гуйе допты жанасам деп жүріп жаңылысып қалып жүрді. Ал Ордабасының "қара баласы" қарсылас тарапынан қара жерге жығылып, өз командасына пенальти алып берді. Өз кезегінде Артем Касьянов командасын алға шығарды. Бірақ, төреші төрге шыққан қуанышты босағаға қайта қуып тастады. Қысқасы, айып соққысын қайталауды бұйырды. Алматының жарты халқының өкінішіне орай, Даниэль Эрлунд өз командасын құтқарып қала алды.

Бұл ойын бұрынғы ойыннан өзгерек болды. Боржек Дочкал соққан шешуші гол «Русенборг» командасын келесі кезеңге шығарды.

Айта кетсек, «Ақтөбе» командасы өз алаңында «Милсами» клубын ұтып, келесі кезеңге шықты. Муханов шәкірттері енді бельгиялық «Генк» командасымен кездесетін болады. 

«Ордабасы» (Шымкент, Казақстан) — «Русенборг» (Тронхейм, Норвегия) 1:2 (1:0)

Голдар: Мансур 32 (1:0), Фредхейм-Хольм 67 (1:1), Дочкал 90 (1:2)

Ескертулер: Мұхтаров 19, Пахолюк 31 — Прица 60, Страннберг 90

Алаңнан қуылғандар: Вангберг 77, Прица 83

«Ордабасы»: Бекбаев, Мвесигва, Трайкович, Мұхтаров, Арури, Карпович, Касьянов, Пахолюк, Мансур, Тәжімбетов (Бейсенов 75), Коллинз (Адырбеков 84)
Резерв: Нестеренко, Суюмбаев, Кожабаев, Аширбеков, Джилас

«Русенборг»: Эрлунд, Анкерсен (Вангберг 46), Дорсин, Реннинг, Страннберг, Иса (Сельнес 67), Дочкал, Хенриксен, Свенссон, Прица (Иверсен 82), Фредхейм-Хольм
Резерв: Ховдевик, Хейланн, Бернтсен, Мидтше

Сурет:dknews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига