Бильярд - ақсүйектердің классикалық құштарлығы

Бильярд - ақсүйектердің классикалық құштарлығы

Қазіргі таңда көптеген жандардың сүйікті ойыны - бильярд. Осы бір ойынның шығу тарихы жайында айтатын сан мыңдаған пікірлер бар. Алайда бильярдтың отаны Үндістан мен Қытай саналады. Ал Еуропада XVI ғасырда, Ресейде Петр I тұсында пайда болған. Бильярдқа көңіл қойып қарасаң ғажайып терең, әсем де еліктіретін ойын екенін түсінуге болады.

Бильярд – бұл бизнесте, саясатта немесе басқа салада жолы болған, құмар ойындарға мойын бұрмаған ақсүйектердің классикалық құштарлығы.  

Қазақстанға келер болақ, елімізде бильярд федерациясы 1992 жылы құрылды және биыл оған 20 жыл толып отыр. Осындай қысқа мерзім ішінде бильярд ойынынан отандық спортшылардың жеткен жетістіктері де аз емес. 

Жалпы біздің спортшыларымыз әлемдік турнирлерге 2000 жылдар бастап қатыса бастады. Осы жылдар аралығында Қазақстанда бильярдтан 8 рет Азия, 3 рет әлем чемпионаты болып өтті.

Сондай-ақ 7-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді дайындайтын бильярд клубтары ашылды. Енді балалар бильярд спортымен тегін шұғылдана алады.

Бильярд ойыны бүгінде әлемдік деңгейде беделді спорт қатарынан табылды. Бильярд ойнап денені де, ойды да шынықтыруға болады.  

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: wallon.ru

Ж. FM