"Манчестер Юнайтед" - әлемнің ең қымбат командасы

"Манчестер Юнайтед" - әлемнің ең қымбат командасы

Forbes журналы жылдың ең қымбат командаларының рейтінгісін шығарды. Бұл жолы тағы да  "Манчестер Юнайтед" командасы әлемнің ең қымбат командаларының көш басында қала берді. Нарықтағы "МЮ"-дың бағасы бүгінгі таңда 2,23 миллиард доллар деп бағалануда. 

Рейтінгтің екінші сатысында 1,88 миллиард доллармен мадридтік "Реал" командасы тұрақтапты. Ал үздік үштікті америкалық "Нью-Йорк Янкиз" (бейсбол) және "Даллас Ковбойз" (америкалық футбол) командалары иеленген. Олардың нарықтағы бағасы 1,85 миллиард доллар шамасында бағалануда. 

Үздік ондыққа кірген командалар: 

5. «Вашингтон Редскинс» (америкалық футбол, 1,56 млрд);
6-7. «Лос-Анджелес Доджерс» (бейсбол), «Нью-Инглэнд Пэтриотс» (америкалық футбол — әрқайсысына 1,4 млрд);
8. «Барселона» (футбол, 1,31 млрд);
9. «Нью-Йорк Джайнтс» (америкалық футбол, 1,3 млрд);
10. «Арсенал» (футбол, 1,29 млрд)

Сонымен қатар әлемнің ең қымбат командаларының қатарында "Бавария" (1,23 миллиард доллар), "Милан" (989 миллион доллар), "Челси" (761 миллион доллар) секілді алыптардың да аттары аталды. 

Естеріңізге салсақ, осы жылдың сәуір айында "Манчестер Юнайтед" командасы әлемнің ең қымбат командасы болып танылған еді. 

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига