Чемпиондар лигасына қатысқан командалар 754 миллион евро алды

Чемпиондар лигасына қатысқан командалар 754 миллион евро алды

Өткен кезеңде кәрі кұрлықтың ең басты турнирінде өнер көрсеткен командалар 754,1 миллион евро алды. Өз кезегінде аталған қаржы мөлшері топтық кезеңдердерде ойын көрсеткен 32 команданың арасында бөліске түсті. Жеткен жетістікке байланысты 413 миллион таратылса, қалған 341,1 миллион телетрансляциялардан түскен қаржы есебінде берілді. 

Финалда мюнхендік "Бавария" командасын жеңген лондондықтар ("Челси" командасы) УЕФА тарту еткен 59,935 миллион евроға ие болды. Топтық кезеңдегі ойындарды қосқанда, финалдық межеге жеткені үшін, көрсеткен жетістіктері, тағысын тағы еңбектері үшін 29,9 миллион қаржы тапты. Ал қалған қаржы мөлшерін (30,035 миллион) телетрансляция есебінен қалталарына салды. Финалға шыққан "Бавария" командасына 41,730 миллион үйлестірілді.

Финалдық ойында жеңіске жеткені үшін "Челси"  командасына 9 миллион берілсе, шешуші ойынға шыққаны үшін мюнхендіктерге 5,6 миллион таратылды. Сондан кейінгі қатарда Чемпиондар лигасының (2011/12 жылы) ширек финалына дейін жеткен командалар қомақты қаржыға ие болды: «Барселона» (40,550 млн), «Милан» (39,864 млн), «Реал» (38,434 млн), «Манчестер Юнайтед» (35,182 млн) және «Интер» (31,569 млн).

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига