Лондон олимпиадасы: астаналықтар алып берген жолдама

Лондон олимпиадасы: астаналықтар алып берген жолдама

Қазақстанның қоржынына түскен жолдаманың ең көбін астаналықтар алып берді. Бүгінгі таңдағы Лондонға барар 19 жолдама астаналықтардың еншісінде.

Екінші орында 27 атлеті 16 жолдама алып берген алматылықтар тұр. Ал оңтүстіктің спортшылары 12 жолдама (әр спортшы бір-бірден) иемденген. 

Айта кететін болсақ, олимпиадаға баратын жолдамаға еліміздің барлық өңірінің спортшылары ат салысқан. Ең аз көрсеткіш ақмолалықтарда - жалғыз ғана жолдама

Лондонға баратын қазақстандық спортшылар спорттың 25 түрінен бақ сынасады. Өз кезегінде Қазақстанның олимпиадасының тарихында бұндай көрсеткіш (25 спорттың түрінен бақ сынасу) бұрын-соңды болып көрген емес. Бір қызығы, дәл осы көрсеткіш Америка құрамасында да орын алған. Бірақ, жолдаманың көбін спорттың командалық түрінен иемденгендіктен, Лондонға баратын америкалықтар біздікілерден төрт есе көп. 

Лондонға баратын ел спортшыларының орта жас көрсеткіші - 24 жас. 

Дайындаған: Фараби Бақыт

сурет:bigpicture.ru

Л. Лига