Бүгінгі күннің анонсы. Еуропа лигасының ойындары өтеді

Бүгінгі күннің анонсы. Еуропа лигасының ойындары өтеді

Бүгін Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің шешуші ойындары өтеді. Талдықорғанда "Жетісу" командасы Польшадан келген "Лех" командасымен, ал Алматыда шымкенттік "Ордабасы" сербиялық "Ягодина" командасымен, өз алаңында "Ақтөбе" командасы грузиялық "Торпедо" командасымен күш сынасады.

Астананың велоклубының шабандоздары екі бірдей көпкүндік жарысқа қатысуда.  Айта кетсек, бүгін "Тур де Франстың" 11-ші кезеңі артта қалса, Польшадағы велобәйгенің 3-ші кезеңі жалғасын табады. 

Бүгін екі қазақстандық теннисші Бастад қаласында өтіп жатқан АТP турнирінде өз күштерін ортаға салады. Үшінші кезеңге өту үшін Евгений Королев испандық Альберт Рамоспен ойын өткізеді.  Ал ширек финалда жұптасып өнер көрсетуден Михаил Кукушкин ресейлік Михаил Елгинмен бірігіп Пейя (Аустралия) мен Соареш (Бразилия) жұбымен  бақ сынасады.

Cурет:weakteams.ws

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига