Елизавета 2-ші Олимпиада алауын күтіп алды

Елизавета 2-ші Олимпиада алауын күтіп алды

Олимпиада алауының эстафетасы Виндзордағы корольдіктің жер иелігінен өтті. Ұлыбританияның королевасы Елизавета 2-шінің күтіп алғаны турасында патша сарайының төңірегіндегі баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған кезеңде факелді 74 жастағы Джина Макгрегор ұстаған. Виндзор қамалына жақын жерде жауған жауында су болғанына да қарамастан, таңертеннен бастап өзінің жақсы келбетпен келе жатқанын королеваға қалжыңдап айтыпты.

Ал 60 жыл бойына ел басқара отырып, олимпиада алауын бірде-бір рет жақыннан көрмеген королева факелге жақын барып, өзіне керек сұрақтарды қойған. Көбіне факелдің жасалу технологиясына баса мән қойыпты.

Финзорда эстафетаның келесі факелі жағылған. Оны 12 жастағы Фил Уэллс жалғастырыпты.

Айта кетсек, аталған алау Лондонға 26 шілдеде жетеді...

Сурет: eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига