Роджер Федерер "Уимблдонда" жетінші рет жеңіске жетті

Роджер Федерер "Уимблдонда" жетінші рет жеңіске жетті

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер осымен жетінші рет "Уимблдонда" жеңіске жетті.

Финалда Федерер британдық Эндри Маррейді жеңді. Бірінші партияда 6:4 есебімен британдық жеңіске жетіп, алға суырылып шықан еді. Бірақ екінші партия текетіреске толы болды. Осылайша 12-ші геймде Федерер бэрэйк-поинтқа қол жеткізіп, сетті 7:5 есебімен жеңіді. Үшінші сеттің басында тосыннан жауған жаңбырдың себебінен ойын тоқтатылды. 

Бір сағаттық демалыстан соң ойын қайта жанданып үшінші сет Федерердің пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Бесінші партияда да швейцарлық 6:4 есебімен жеңісті қанжығасына майлады.

Енді дүйсенбі күні Роджер Федерер ресми түрде ATP рейтінгінің көшбасшылығына орналасады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©AFP