Қазақстандық паралимпиадашылардың жеңісіне 50 мың доллар...

Қазақстандық паралимпиадашылардың жеңісіне 50 мың  доллар...

Паралимпиада ойындарынан алтын иеленген қазақстандық спортшыларға 50 мың доллар сыйақы берілетін болды. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігі хабарлап отыр. 

Екінші орынға 35 мың, үшінші орын иеленген жұптарға 25 мың доллар сыйақы берілмек. Сонымен қатар төртінші, бесінші, алтыншы орын иеленгендер де 14 мың доллар көлемінде ынталандыру алады. 

Айта кетсек, Лондонда өтетін олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан жеті паралимпиадашы бармақ. Пауэрлифтингтен қызылордалық Әйбек Абжан мен Кабира Асқарова шығады. Суға жүзуден астаналық Әнуар Ахметов пен жамбылдық Зульфия Ғабидуллина намысымызды қорғайды. Ал жеңіл атлетикадан Сергей Харламов (Солтүстік Қазақстан облысы), Ислам Сәлімов (Қызылорда облысы) және Айнұр Байдулдаева (Алматы облысы) секілді спорт саңлақтары бақ сынайды. 

Жазғы Паралимпиада ойындары 2012 жылдың 29 тамызынан 9 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттың 20 түрінен 502 медаль үшін төрт мыңға жуық спортшылар қатысады. 

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига