Андрес Иньеста үйлену тойын қамалда жасады

Андрес Иньеста үйлену тойын қамалда жасады

Еуро-2012 турнирі аяқтала салысымен Андрес Иньеста үйлену тойын жасады. 

Әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі үш жыл бойына азаматтық некеде тұрып келген дос қызы Анне Ортиспен неке қиды. Дүбірлі той Таррогоннан бірнеше шақырымда жатқан XIX ғасырда салынған Тамарит қамалында өтті. 

Аталған тойға 700-ге жуық сыйлы қонақ шақырылыпты. Атап кетсек, Хави, Педро, Лионель Месси, Херард Пике, Карлес Пуйоль, Сеск Фабрегас, Серхио Бускетс, Виктор Вальдес, Икер Касильяс секілді жақын достарымен қатар "Барселонаның" бұрынғы президенті Жоан Лапорта және қазіргі президенті Сандро Россель қатысты. Каталондықтардың бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиола, құрама бапкері Дель Боске  және одан алдыңғы толқын аға бапкерлер Луис Арагонес пен Хосе Антонио Камачо сыйлы қонақтардың қатарында болды. Сонымен қатар "Анжи" командасының шабуылшысы Самуэль Это'О тойға арнайы келіпті. 

Ортис шаштаразшы болып жұмыс істеп жүргенде Иньеста ең алғашқы таныстықты бастапты... 2011 жылы сәуір айында Валерия атты тұңғыштары дүниеге келген болатын. 

Айта кетсек, демалыс күні Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы және мәскеулік "ЦСКА" командасының ойыншысы Алан Дзагоев те үйленген еді. Таңдаулы жары мәскеулік "Алания" ансамбльінің Зарема Абаева есімді әртісі екен.

Суреттер:http:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига