Елбасы олимпиадашыларға әзіл айтып берді

Елбасы олимпиадашыларға әзіл айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға баратын қазақстандық спортшылармен болған кездесуде әдемі әзіл айтып берді.

"Екі бала спорт секциялары жөнінде әңгіме айтып тұр. Бірі айтып жатыр: "Менің әкем алғаннан гөрі берген әлдеқайда жақсы дейді". Екіншісі сұрапты: "Ол, менің ойымша, беретініне қарағанда қамқоршы секілді ?" - "Жоқ, ол боксшы" - деп ел президенті спортшылардың көңілін бір желпінтіп тастады.

Оған қоса елбасымыз Лондонда өтетін олимпиада да спортшыларға сәттілік тіледі. Қазақстанның мәртебесін көтеру үшін ел спортшыларының барын салып, жанын салып алтын алуға тырысатындықтарын, елге үлкен жеңіспен оралатындықтарына сенім білдірді. Өз кезегінде барлық спортшыларды жақсы танитынын айта келіп, қол босап жатса бір-екі ойынға барып қайтатынын да жасырмады. 

Ал споршыларымыз болса әдемі әзілдің аясында өздеріне жүктелген сенімді ақтауға тырысатындықтарын айта кетті. 

Сурет:http://tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига