Лондонға жолдама алған теннисшілер белгілі болды

Лондонға жолдама алған теннисшілер белгілі болды

Қазақстандық үш теннисші: Михаил Кукушкин, Галина Воскобоева және Ярослава Шведова 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын болды. Бұл туралы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жариялаған тізімінен кейін белгілі болды.

Әйелдер арасындағы жұптық разрядта ел намысын Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева қорғайтын болады. Ерлер арасындағы жұптық разрядта лицензияға ие бола алмадық. 

Лондондағы бәсекеге қазіргі чемпиондар испандық Рафаэль Надаль (ерлер арасындағы жеке разряд), швейцариялық Роджер Федерер мен Станислав Вавринка (ерлер жұбы) және ағайынды Винус пен Серена Уильямстар (әйелдер жұбы) қатысатындығын айта кетелік. Әйелдер арасындағы жеке разрядтың жеңімпазы Елена Дементьева спортпен қош айтысқандығының себебінен қатыспайды.

Әлемдік рейтингтің төрінде тұрған сербиялық Новак Джокович пен орыс қызы Мария Шарапова да бәйгеге ат басын тірейтін болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суретте: Михаил Кукушкин (sport-express.ua)