Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Әлемнің ең үздік 16 гроссмейтері 2-10 шілде күндері Астана қаласында шахматтың рапид және блиц түрлерінен өтетін әлем чемпионатында бас қоспақ. 

Біріншіліктің жалпы қоры 400 мың АҚШ долларды құрайды. Сондай-ақ, чемпионаттың тұсауын Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеседі деп күтілуде. 

Айта кетсек, шахмат ойынының дәл осы түрлері ең қызықты болып саналады. Аталған категориялар кездейсоқ таңдалмаған, себебі біріншілік Астана күні қарсаңында өтеді. 

Чемпиондық титулға таласатын қатысушылар құрамына қарағанда, айтарлықтай бәсекелестік күтіледі. Шахматистер қатарында Магнус Карлсен, Сергей Карякин, Борис Гельфанд, Веселин Топалов, Василий Иванчук, Теймур Раджабов және Александр Грищуктерді ерекше атап өтуге болады.

Рапид категориясы бойынша аталған турнирде ел намысын Мұртас Қажығалиев пен Ануар Исмағамбетов қорғайды, ал блиц бойынша Павел Коцур мен Ринат Жұмабаев сынға түседі.

Әлем біріншілігі жайлы толық ақпаратты Worldchess.kz сайтынан біле аласыздар.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: hodatarek.blogspot.com

Ж. FM