Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Илья Ильин олимпиададағы көрсеткішінен асып түсті

Илья Ильин олимпиададағы көрсеткішінен асып түсті

Илья Ильин олимпиададағы көрсеткішінен асып түсті

Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан ауыр атлетика чемпионатында Илья Ильин 410 килограмм көтерді. 

Олимпиада чемпионының көрсеткен нәтижесі - жұлқи көтеруден 180 кг, серпи көтеруден 230 кг. Айта кетерлік жайт, Ильинге бар-жоғы екі-ақ талпыныс қажет болған. Естеріңзге сала кетсек, Бейжің қаласында өткен олимпиада ойындарында Ильин осы салмақтан 4 килограмм кем көтерген еді. Соңғы әлем чемпионатында да алтын алған Ильин жалпы қосқанда 407 килограмды бағындырған болатын. 

Аталған чемпионатқа 94кг дейінгі салмақ бойынша тағы 3 спортшы қатысты. Ұлттық құрамадағы орынға Ильиннің басты бәсекелесі Владимир Седов жұлқи көтеруде 187 кг-ды бағындырып, серпи көтеруде еш нәтиже көрсете алмай, жеңіліс тапты. Алмас Утешов жұлқи көтеруде дәл сондай нәтиже көрсетіп, серпи көтеруде 225 кг-ды бағындырды. Александр Зайчиковтың көтерген салмағы жалпы 401 кг-ды құрады. 

56 килограмға дейінгі категория бойынша Арли Чонтей 292 кг көтерді: жұлқи көтеру - 132, серпи көтеру - 160. 

62 килограммға дейінгі категория бойынша Фархат Харки 317 кг көтерді: жұлқи көтеру - 137, серпи көтеру - 180. 

77 кг салмаққа дейінгі категорияда Кирилл Павлов 344 кг-ды бағындырды: жұлқи көтеруден - 154 кг болса, серпи көтеруден - 190. 

85 кг дейінгі категория бойынша өнер көрсеткен Владимир Кузнецов серпи көтеруден тек 170 кг-ды бағындыра алды. 

Сурет: alaman.kz

2192 14
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 07 маусым 2012, 13:18
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 13:22

чето олимпиадға полностью дайын сияқты ғой

+0
07 маусым 2012, 15:11

мда,. солай сияқты)

+0
07 маусым 2012, 13:44

Алмас Утешов 412 көтерді ме? Дәл сондай деген дәл қандай? Ильиндікіндей ме, жоқ Седовтікіндей көтерді ме?

+0
08 маусым 2012, 09:46

Ассалаумагалейкум. Сіздерде спорт такырыбын кім жазады? Унемі кате, кате. Мына материалдын озін алып карайыкшы. Илья Парижде 407 емес 408 келі котерген. Сосын Утешов емес, қазақтар Өтешов қой. Тағы Алмас Утешов жұлқи көтеруде дәл сондай нәтиже көрсетті депсіздер. Өтірік, Алмас жулка котеруден 181 келіні котерді. Сосын Кг дер жазгандарыныз калай? Болмайды гой олай. Ақпараттарыныз да толық емес. Лондонга дым дайын емес. Мен оны Талдыкорганда козбен коріп келдім. Дайын болса тек Илин гана дайын. Жазыпсыздар, енді толық етіп қыздарды да жазбайсыздарма? Қыздардан - Зулфия Чинчанло, Мая Манеза, Света Подобедова мен Анна Нұрмағанбетова барады. Бір өкінішті жәйт, Мария Гробовецкаядан обал болды. Оның орнына жап-жас Аннаны алғаны дұрыс болмады. Марияның көз жасын көрдік. Обал! Сіздер неге тереңдетіп жазбайсыздар. Адам жарысты көріп келіп өкініштен өзегін өртеніп тұрса, сіздер мынадай болмайтын қателіктер жібересіздер. Әрине, Кешірініздер. Бұл менің бірінші пікірім! Сосын Еуро-2012 парақшасы құтты болсын. Дегенмен оны да дұрыстап жазыныздаршы. Сіздердің сайттарыныздан қарап, біліп отырайық. Сараптама (анализ) жасаныздар. Сөз соңында, жұмыс орнында отырып, интернеттен қопарып, аудара бергенше уақиға болып жатқан жерге барып, көзбен көріп жазыныздаршы. Рахмет! Сау болыныздар!

+0
08 маусым 2012, 10:14

Лондонға баратын жаңа екі жігіт туралы не айтасыз?

+0
08 маусым 2012, 10:04

Мен барлық спорт тақырыбында жазылған материалдарды оқып шықтым. Құрметті блоггерлер, ақпарат беріліпті деп пікірді өтірік жаза бермесеніздерші. Шамалы қарасаныздаршы. Ақпаратты қалай беріп жатыр, не жайында беріп жатыр дегендей. Сын түзелмей, мін түзелмейді - дейді атам қазақ. Сондықтанда қатесіз жазыныздаршы!

+0
08 маусым 2012, 10:17

Қайсы? Чортей Арли мен Харди Фархад па?

+0
08 маусым 2012, 11:35

ия солар

+0
08 маусым 2012, 11:37

Алмас "баранка" көрсетті деп жазып жатыр ғой спортс.кз-да....

+0
08 маусым 2012, 11:43

Оларды бас бапкер Алексей Ни Қытайдан алдындырған. Чуртей Арлидің шын есімі Жан Вей. атын ауыстырып алған. ОҚО Шымкент қаласының атынан шығып жатыр. Фархад Хардидің шын есімін білмедім. Бірақ Харди деген жалған есім. Федерациядағылар да жасырып отыр есімін. Көрсеткіштері жаман емес. Жүлде алады деп отыр. Жалпы осы Олимпиададан соң бас бапкер Алексей Ни мен көмекші, нұсқайшы Энвер Туркулери орнынан кетеді-мыс. Кеткені абзал. Елімізде қаншама талантты бапкерлер бар. Солар келсін. Сосын Александр Зайчиковтан үлкен үміт күтуге болады. Жақсы жігіт. Орыс болса да қазақша кейбір дүбәралардан жақсы сөйлейді

+0
08 маусым 2012, 12:27

Фархад Ақтөбенің атынан шығады деп жатыр ғой. Соған "қуанып" жатырғаным ғой. Қысқасы, ауыр атлетикада қытайлықтар мен ресейліктер шығады екен ғой (Илья мен Аннадан басқа)

+0
08 маусым 2012, 16:55

Алмас Өтешов деген жалғыз қазақ бар

+0
08 маусым 2012, 18:29

өте жақсы пікірлер мен пайымдар...

+0
08 маусым 2012, 21:46

Мен пікірді қатты жазып жіберіппін. Бірақ өкінбеймін. Массагетте істейтін достарым ренжіп те жатыр. Мейлі, ренжісін. Бірақ мен шындықты жаздым. Енді жазарда байқап жазыныздаршы.! Ал, Еуро-2012 додасында сәтті жұмыс жасаныздар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...