Марадона Дрогбаны шақырып жатыр

Марадона Дрогбаны шақырып жатыр

Диего Марадона тізгінін ұстаған дубайлық "Аль-Васл" командасы "Челси" командасының бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогбаға ұсыныс жасады.

Естеріңізге салсақ, 34 жасарлық ивуарлық шабуылшы Чемпиондар Лигасын жеңіп алған соң, командадан кететінін мәлімдеген болатын. Мамандар тарапынан "Шанхай Шеньхуа" командасына кетті деген сыбыс тарағалы қашан. Алайда, арадағы келісім әлі күнге біржақты болмай отыр.

Енді міне, "Аль-Васла" командасының президенті Марвана бин Байатадан ұсыныс түсіп отыр. "Шанхай Шеньхуа" сияқты үлкен ұсыныс болып табылмаса да, өз алдына қызықтырарлық тұстары бар. Және англиялық командалардан да мұндай ұсыныстың түсуі екіталай. 

Тағы бір айта кетсек, Марадона бастаған "Аль-Васл" командасы БАӘ біріншілігінің сегізінші орнына тұрақтаған болатын. 

Сурет: chelsearus.com

Л. Лига