Азар ресми түрде "Челсиге" ауысты

Азар ресми түрде "Челсиге" ауысты

"Челси" жартылай қорғаушы Эден Азардың "көктерге" ауысуы жайлы "Лилльмен" келісім-шарт жасады, - деп хабарлайды лондондық клубтың ресми сайты. 

21 жасар бельгиялық футболшы "Челси" клубымен жасаған жеке келісімнің барлық шарттарымен толықтай келіскен. Дүйсенбі күні ол медициналық тексеруден өтті. Азар команда сапына шілде айында маусым алды дайындықтар басталған кезде қосылатын болады.  

"Мен бұрын қайтып АПЛ-де ойнағым келетінін айтқан едім. Мен үшін "Манчестер Юнайтед", "Челси" клубтарының орны бөлек, дегенмен менің ойымша лондондық клуб - әлдеқайда әдемі жоба секілді. Кейбір ойыншылар кетіп, кейбірі келіп жатыр, сол себепті мен негізгі құрамадағы орынға ие болуым керек болады. Мен үшін ең маңызды - ойнау, ал "Челсиде" мен осы мүмкіндікке иемін", - дейді Азар. 

Эден "Лилльге" 2005 жылы бельгиялық "Тубизден" ауысып келген болатын. 17 жасында ол Лига 1-дің ең үздік ойыншысы атанды, ал 2010-2011 жылдардың маусымында Франция чемпионы әрі кубок иегері болды. Соңғы маусымда Азар "Лилль" құрамында 48 матчта 21 гол соқты.

Сурет: chelseablues.ru

Ж. FM