Кукушкин Ниццеде өтіп жатқан АТР турнирінің жартылай финалына өте алмады

Кукушкин Ниццеде өтіп жатқан АТР турнирінің жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ниццеде өтіп жатқан АТР турнирінің жартылай финалына өте алмады. 

Америкалық Брайан Беккермен өткен ойын өте тартысты болды. Қарсыластар әр гейм үшін жан берісіп, жан алысты. Нәтижесінде бірініші партия қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:4 есебімен аяқталды. Алайда, екінші партияда америкалықтың ойыны жандана түсті. Ол ойынды брейкке дейін жеткізіп, 3:0 есебімен алға шықты. Кейінірек Кукушкиннің ойынды брейкке дейін жеткізетін мүмкіндігі болып еді, бірақ пайдалана алмады. Сөйтіп ойын 6:3 есебімен америкалықтың пайдасына шешіліп жатты.

Шешуші сетте Бекер тағы да брейкке қол жеткізіп еді, алайда Кукушкин ойынды өз қолына алып, 4:2 есебімен алға да шықты. Есесіне америкалықтың біліктілігі ойынды теңестіріп жіберді: есеп - 5:5. Жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Ол ойында америкалық  7:4 есебімен жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 16 минутқа дейін жалғасты.

Айта кетсек, рейтингте 216 орында орналасқан Беккер өмірінде бірінші рет АТР турнирінің финалына өтіп отыр. Енді ол финалда ресейлік Николай Давыденкомен кездеседі.

Сурет: gotennis.ru

Л. Лига