Олимпиаданың алғашқы факелы eBay аукционына қойылды

Олимпиаданың алғашқы факелы eBay аукционына қойылды

2012 жылғы олимпиадалық ойындарының эстафетасындағы алғашқы факел eBay интернет-аукционына қойылды. 

Оның бәсі 160 мың долларға бағаланып отыр екен. Факелді Эдвард Барбер және Джеем Осгерби атты қос британдық дизайнер жасап шыққан. Олимпиадалық оттың жағылуына ат салысатын бұл құралдың ұзындығы 80 сантиметр. Сыртқы пішіні конус түрінде алюминийден құйылған. Сонымен қатар, факел ойынға қатысушылардың санына сәйкес 8 000 жерден тесіліпті.

Лондондық ұйымдастыру комитеті ұзын саны 8 000 факелді сатуды жоспарлап отыр екен. Олимпиадалық эстафета 19 мамыр күні Лендс-Энд мүйісінде басталған еді. Енді 70 күннің ішінде эстафеташылар 12 мың шақырымды жүгіріп өтетін болады.

сурет: ©AFP