"Манчестер Сити" ағылшын Премьер Лигасының чемпионы атанды

"Манчестер Сити" ағылшын Премьер Лигасының чемпионы атанды

Ағылшын Премьер Лигасында "Манчестер Сити" чемпион атанды. Премьер Лиганың соңғы турында "үй иелері" "Куинз Парк Рейнджерс" командасынан ойын барысында бір голға ұтыла тұра, 3:2 есебімен басым түсті.

Есеп ойынның 39-минутында "Манчестер Сити" қорғаушысы Пабло Сабалетаның соққысынан кейін ашылған болатын. Ал ойынның 48-минутында Джибриль Сиссе есеп теңестіріп, тепе-теңдікті қалпына келтірген еді. Алайда екінші таймның 15-минутында Джоуи Бартонның қызыл карточка алуынан қонақтар алаңда 10 адам болып өнер көрсетуге мәжбүр болды. Бірақ, соған қарамастан, 11 минут өте Джейми Маккидің нәтижелі соққысынан кейін, КПР командасы алға шығып, 1:2 есебін қонақтар 90-минутқа дейін ұстап тұра алды.

Бірақ қосымша уақытта "Сити" адам сенгісіз ерлік жасады: 91-минутта Эдин Джеко ойын есебін теңестірген болатын, ал қосымша уақыттың аяқталуына бар болғаны бір минут уақыт қалғанда Серхио Агуэро қарсылас команданың екі ойыншысын алдап өтіп, гол соғып, командасына соңғы 44 жыл ішінде алғашқы чемпиондық титул әкелді.  

Сондай-ақ чемпиондық атаққа үмітті болған "Манчестер Юнайтед" командасы "Сандерланд" құрамасының алаңында ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды Уэйн Руни соқты. 

Сурет: vesti.kz, teamtalk.com

Ж. FM