Қазақстан құрамасы FIFA рейтінгіндегі 137-орнын сақтап тұр

Қазақстан құрамасы FIFA рейтінгіндегі 137-орнын сақтап тұр

Халықаралық футбол федерациясының құрған рейтінгісінде Қазақстан құрамасы 137-орынды сақтап тұр. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтына сілтемей жасай отырып vesti.kz хабарлады.

Айта кетелік, Михаил Беренектің шәкірттері соңғы бір айда ешқандай кездесу өткізбеген. Рейтингте еліміз Куба мен Эфиопия құрамаларымен көрші тұр. 

Тізімнің алғашқы қатарынан Испания құрамасы орын алған екен. Кейінгі орындарда Германия мен Уругвайдың аттары аталады. Алғашқы ондықта айтарлықтай өзгеріс жоқ. Жалғыз ғана Аргентинаның оныншы орыннан тоғызыншы сатыға көтерілгендігі белгілі болып тұр. Сәйкесінше Дания құрамасы бір саты төменге жылжыды. Көрші Ресей құрамасы рейтінгіде 11-ші болып тұр.

сурет: wallpaper23.com