Қазақстандық шахматшылар әлемді мойындатып келді

Қазақстандық шахматшылар әлемді мойындатып келді

Бұдан бұрын массагеттіктерге Румынияда мектеп оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионатының өтетендігі туралы айтқан едік. Сол бәсеке де өз аяғына жетіп, қазақстандықтар 3 алтын, 2 күміс медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің абыройын асқақтатып келген оқушылармен таныстыралық. Сонымен алтын медальға ие болған қыздарымыз: Бибісара Асаубаева - 9 жасқа дейінгі категорияда (Астана), Диана Асаубаева - 15 жасқа дейінгі категорияда (Қостанай), Динара Сәдуақасова - 17 жасқа дейінгі категорияда (Астана).

ыва

Мектеп оқушылары арасында өткен шахматтан әлем чемпионаты. Румыния, 2012

Ал күміс медальға 11 жасқа дейінгі категорияда Әсел Серікбай (Қызылорда) мен 17 жасқа дейінгі категорияда оралдық Әлібек Игамбергенов ие болды.

Қазақстан командасының мүшелері Жанат Сайын, Денис Маханев, Рамазан Жалмахановтар жүлделі орындарға ие болмаса да, соңғы турға дейін жетіп, әлемнің үздік 15 спортшысының қатарына енді.

суреттер турнирдің ресми сайтынан алынды