Хоккейден әлем чемпионатын тек спутниктік арнадан көре аламыз

Хоккейден әлем чемпионатын тек спутниктік арнадан көре аламыз

Кеше ғана Швеция мен Финландияда хоккейден әлем чемпионатының басталғандығынан көзіқарақты жанкүйерлер хабардар. Қазақстандағы эфирлік телерналардан чемпионаттың тікелей эфирі көрсетілмейтіндігі белгілі болды. Бірақ қазақстандықтар бәсекені спутниктік KZ Sport 1 арнасынан тамашалай алады. Бұл туралы vesti.kz хабарлапты. 

Естеріңізге сала кетелік, осы уақытқа дейін чемпионаттан тікелей репортажды "Қазақстан" телеарнасы жүргізеді деп жоспарланған еді. Бірақ "Қазақстан" ұлттық телеарнасының спорттық бағдарламалар бөлімінің басшысы Павел Цыбулин: "Чемпионаттағы матчарды түсіретін компанияның келісімін алып, трансляцияға дайындалып жатқан едік. Алайда, кейінірек чемпионатты түсіру құқығына ие компания ауысып, олармен келісім орнату мүмкін болмады", - деп сұхбат берді. Басшының айтуынша, ресми себеп ретінде Қазақстан территорясында басқа сатып алушының барлығы айтылыпты.

Сонымен қатар "YouTube" та Қазақстан терриоториясында компьютерлерге чемпионатты трансляцияламайтын болды. Бұл құлып Ресей, Латвия, Украина, Швеция, Норвегия, Литва, Дания, Эстония, АҚШ мемлекеттеріне де салыныпты.

сурет: fasolki.net