Президент кубогының екінші күні

Президент кубогының екінші күні

Оқырмандарды Алматыда өтіп жатқан Президент кубогы туралы құлағдар еткен болатынбыз. Кеше турнирдің екінші күні өткендігін жеткіземіз. Естеріңізге сала кетейік бұл халықаралық турнир жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. 

Сонымен алдыңғы күні Қазқстан мен Венгрия командасы күш сынасты. Нәтижесінде жерлестеріміз 0-1 есебімен жеңіліс тапты. 

Ауа райының күрт нашарлағанынан алматылықтар, әрине, хабардар. Үздіксіз жауған жауынның әсерінен жылдам пастар арқылы ойнауды ұнататын Травникті шәкірттері олай ете алмады. Ойын бастала салысымен қос команда да бір бірінен сескеніп жүргені және байқалды. Ақыры не керек, айып алаңынан венгриялық Кошта есімді спортшы қақпамызға допты тоғыта алды. Одан кейін Қазақстан команасы біршама шабуылдар жасап, тараза басын теңестіруге тырысса да ешқандай нәтиже шықпады.

Сонымен қорытынды есеп: 0-1

А тобы

Қазақстан – Венгрия – 0:1 (0:1)
Гол: Кошта 8
Ескертулер: Талабер 55, Галдак 68
Қазақстан: Закиров, Манекеев (Сатвардыев 41), Чеусов, Антипов, Иминов, Нұрмұхамет, Сахибов (Жақаев 62), Федин (Мұсабеков 51), Жалмұқан (Шамші 41), Харун-Заде, Вороговский
Венгрия: Кочеш, Талабер, Кешкеш, Барна, Чишек, Галдаг, Болчфельди (Бартош 80), Лукаш (Рач 60), Жотер, Грабант, Кошта(Вида 72)
Төрешілер: Омаров (Алматы), Лесив (Семей), Сахи (Кызылорда)
Алматы. «Football Land» СК. Көрермен саны - 500

Армения – Түркменстан – 4:2 (2:1)
Голдар: Амбарцумян 31, Аракелян 42, Саргсян 66, Авагян 80 – Агабаев 12, Розыев 24
Ескертулер: Тигранян 8, Авагян 45
Төрешілер: Жантұғанов (қызылорда), Жасыбай (Алматы), Қарабаев (Астана).
Көремен саны 100.

сурет: sportinfo.kz