Ертең Алматыда "Президент Кубогы" турнирі басталады

Ертең Алматыда "Президент Кубогы" турнирі басталады

Сәуір айының 28-і күні, яғни ертең "Қазақстан Республикасының Президент Кубогы" атты халықаралық турнир басталмақ. Бұл туралы "Қазақстан Футбол Федерациясы" хабарлап отыр. Аталған турнирді Федерация "Нұр Отан халықтың демократиялық партиясымен" бірлесіп ұйымдастырып жатыр екен. Турнирде Венгрия, Түркменстан, Армения, Түркия, Әзірбайжан, Иран, Грузия секілді мемлекеттерден келген спортшылар өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Әлбетте, өзіміздің қазақстандық футболшылар да бағын сынайтын болады. 

Турнир жасөспірімдер арасында өтетінін айтып өтелік. Яғни U-17 категориясындағы футболшылар. Басқаша айтсақ, бәсеке 1996 жылғы туылған балалар арасында өтеді.

Осы орайда, ұлттық футболдың дамуына жаны ашып, тілектес болып жүрген барлық азаматтарды футболға келіп қатысып, тамашалауға шақырамыз. Турнир 4 күнге созылады. Алғашқы 3 күнде ойналатын матчтар Football Land спорт кешенінің стадионында өтеді. Финал Алматыдағы орталық стадионда 2 мамыр күні кешкі 19.00-де басталады. Кіру тегін екендігін ескерте кетейік.

Қатысушылар:

А тобы
1. Қазақстан
2. Венгрия
3. Түркменстан
4. Армения

Б тобы
1. Түркия
2. Әзірбайжан
3. Иран
4. Грузия

Турнир кестесі:

28 сәуір (сенбі)
10:00 Түркия — Иран
12:00 Әзірбайжан — Грузия
14:00 Венгрия — Армения
18:30 Турнирдің ашылу салтанаты
19:00 Қазақстан — Түркменстан

29 сәуір (жексенбі)
10:00 Иран — Грузия
13:00 Түркия — Әзірбайжан
16:00 Армения — Түркменстан
19:00 Қазақстан — Венгрия

30 сәуір (дүйсенбі) — демалыс күні

1 мамыр (сейсенбі)

10:00 Грузия — Түркия
13:00 Әзірбайжан — Иран
16:00 Венгрия — Түркменстан
19:00 Қазақстан — Армения

2 мамыр (сәрсенбі)

10:00 7 — 8-ші орындарды анықтау
12:00 5 — 6-шы орынды анықтау
14:00 3 — 4-орынды анықтау матчі
19:00 Финалдық матч
20:50 Турнирдің жабылу салтанаты
21:30 Қорытынды пресс-конференция, Орталық стадион

сурет: sportinfo.kz