Максим Иглинский "Льеж - Бастонь - Льежда" жеңімпаз болды

Максим Иглинский  "Льеж - Бастонь - Льежда" жеңімпаз болды

Қазақстандық велоспортшы Максим Иглинский "Льеж - Бастонь - Льеж" біркүндік жарысының жеңімпазы атанды. "Астаналық" спортшы 257 км қашықтықты 6 сағат 43 минут 52 секундта жүріп өтті. 

Жарыстың шешуші оқиғалары әдеттегідей соңғы 10 шақырымда орын алды. Көштің алдында келе жатқан Иглинский, Энрико Гаспаротто және Роберт Кисерловски секілді шабандоздарды Винченцо Нибали басып озып, финишке қарай бас пәрменімен ұмтылған еді. Liquigas-Cannondale тобының бұл капитанын кейінірек біздің Иглинский мен "Катюшалық" Хоаким Родригес қуып жетуге тырысып, топтан бөлініп шықты. Осылайша тандем бірнеше километр жүріп өткен соң, Иглинский Родригесті басып озып, Нибалидің де алдына түсе алды. Осылайша "Астаналық" 21 секунд айырмашылығымен Нибалиді басып озып, спринтте жеңімпаз атанды. Айта кетелік, өткен аптада Максим Иглинский өзінің 31 жасқа толуын тойлаған еді. 

Жарыс нәтижелері:

1. Максим Иглинский (Astana Pro Team) 6:43:52 
2. Винченцо Нибали (Liquigas-Cannondale) +0:00:21
3. Энрико Гаспаротто (Astana Pro Team) +0:00:36
4. Томас Феклер (Team Europcar)
5. Даниэль Мартин (Garmin Barracuda)
...14. Роберт Кисерловски (Astana Pro Team)
...97. Андрей Гривко 
(Astana Pro Team) +12:18
...102. Дмитрий Фофонов 
(Astana Pro Team)
...103. Евгений Петров 
(Astana Pro Team)
DNF Франческо Гавацци (Astana Pro Team)
DNF Симоне Понци 
(Astana Pro Team)

сурет: altaynews.kz