Ливерпуль Англия кубогының финалында

Ливерпуль Англия кубогының финалында

"Ливерпуль" Англия кубогында ақтық сынға шыққан алғашқы команда болды. Финалға шығу үшін бұл команда "Эвертон" құрамасын 2:1 есебімен жеңуге тура келді. 

Ойынның 24-минутында хорваттық форвард Никица Елавич Эвертонды алға шығарды. Ливерпульдік  Джейми Каррагер қорғаныс шебінде қателесіп, нәтижесінде "көктер" 1-0 есебімен алға шыққан болатын.

Ойынның 2-таймында қорғаныс шебінде эвертондық Сильвена Дистеннің қателігін пайдалана алған уругвайлық Луис Суарес есеп теңестірді. Ал ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Эндрю Кэрролл айып соққыдан көтерген допты желкесімен "көктердің" қақпасына аттандырды. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін яғни 15.04.2012 күні "қызылдармен" ақтық сында бақ сынайтын қарсыласы "Тоттенхэм" - "Челси" арасындағы ойында белгілі болады.  

Сурет: live-football.ru 

Ж. FM