Қазақстанның шахматшыларын Гарри Каспаровтың ұстазы оқытады

Қазақстанның шахматшыларын Гарри Каспаровтың ұстазы оқытады

Қазақстан шахматшыларын Гарри Каспаровтың бұрынғы ұстазы оқытатын болады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Жақында Румынияда мектеп жасындағы шахматшы қыздар арасындағы әлем чемпионатының өткелі жатқандығы белгілі. Осы орайда сәуірдің 5-12 аралығында арнайы дайындық шаралары өтеді. Осы шараға арнайы Гарри Каспаровтың бұрынғы ұстазы Евгений Владимиров шақырылып отыр. Сонымен қатар ресейдің танымал жаттықтырушысы Руслан Щербаков та қатысады деп күтілуде. 

Аталған спорт шеберлерінен білім алуға талпынып отырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы Динара Сәдуақасова мен 9 жасқа дейінгі категорияда әлемді мойындатқан Әсел Серікбай бар. 

Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов журналистерге берген сұхбатында: "Күтіліп отырған мастер кластан Қазақстанның шахматшылары біраз ақпар алып, білім аясын кеңейтеді деген сенімдемін. Айта кетейін, соңғы бір жарым жылда біздің балалар әлемдік деңгейдегі ұзын саны 14 медальға ие болды. Осының өзі біздің мектептің сапалылығының көрсеткіші болса керек", - деп сұхбат берді. 

сурет: penzalife.info