Бекзатты еске алу турнирі өтті

Бекзатты еске алу турнирі өтті

Құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, қысқа ғұмырда ел еңсесін көтеріп кеткен Бекзат Саттарханов атындағы турнир болып өтті. Бұл туралы alasharena.kz сайты хабар таратыпты. Осымен Саттарханов атындағы бокс бәсекесі 11-рет өткізіліп отыр екен. Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінен таңдаулы спортшылар келіпті. Сонымен қатар, еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысқан. 

Сайыстың ашылу салтанатында П.Қырықбаев, Бекзаттың спорттағы әріптестері Ермахан Ыбырайымов пен Мұхтархан Ділдәбеков сөз сөйлеп, өз естеліктерімен бөлісіпті. Vассагеттіктерді доданың нәтижесімен таныстыралық.

49 келі: алтын - алматылық С. Әбдірайымов, күміс - оңтүстікқазақстандық Ә.Ермек

56  келіде: алтын - оңтүстікқазақстандық Ж.Темірхан, күміс - маңғыстаулық Қ.Көптілеу, қола -  Б.Оспанов

60 келіде: алтын - ақмолалық А.Лихнер, күміс - түркістандық  Н.Шынкеев, қола - қызылордалық А.Жоламанов пен тараздық А. Наметкерім

64 келіде: алтын - тараздық А.Алиханов, күміс - А.Ибрагимов

69 келіде: алтын - шығыс қазақстандық Ә.Шаханов, күміс -  Р.Сайлауов, қола - оңтүстікқазақстандықтар А.Төленов пен Ж.Тұрғанбек

75 келіде: алтын - Ә.Орынбасаров, күміс - шымкенттік А.Дүйсалы, қола - ақмолалық А.Қайыржан мен алматылық Ә.Үсіпәлиев

81 келіде: алтын - Р.Жасқитов, күміс - оңтүстікқазақстандық А.Жұмаділлаев, қола - М. Еркін мен Д.Зекербай

91 келіде: алтын - түркістандық  А.Ерметов, күміс - қызылордалық Т.Өмірбек, қола - оңтүстікқазақстандық А.Тезекбай мен шығысқазақстандық Т.Қозыбақов

Аса ауыр салмақта: алтын -алматылық Қ.Ахметов, күміс - атыраулық Д.Құрманбеков, қола - шымкенттік Е.Шора мен маңғыстаулық С.Дадаханов.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

сурет: photo.nur.kz