ӘЧ -да Тен 7 орынға қол жеткізді

ӘЧ -да Тен 7 орынға қол жеткізді
Фото: www.fskate.ru

Қазақстандық фигурист Денис Тен Ниццада өтіп жатқан әлем чемпионатында жетінші орынға қол жеткізді, бұл туралы ақпарат конькишілер одағының ресми сайтында жарияланған.

18 жасар спортшы қысқа және еркін бағдарламалар нәтижесі бойынша барлығы 229,7 ұпай жинап, Испанияның әйгілі конькишісі Хавьер Фернандес пен АҚШ азаматы Джереми Эбботтан басым түсті. Естеріңізге салсақ, 2011 жылы өткен әлем чемпионатында Тен 14-нәтиже көрсеткен болатын. Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында 11 орынға қол жеткізді. Денистің әлемдік деңгейдегі ең жақсы көрсеткен көрсеткіші 2009 жылы болды. Сол жылы Тен ӘЧ сегізінші орынды иеленді.

Өзінің чемпиондық атағын Канада азаматы Патрик Чан 266,11 ұпаймен қайталады. Екінші орын Жапония спортшысы Дайсука Такахасиға бұйырса, оның отандасы Юзуру Ханью қанжығасына қола медальді байлады.

Бишілер жұптарында үздік болып канадалық Тесса Вирту и Скотт Мойр танылса, американдық жұп Чарли Дэвис пен Мэрил Уайт екінші орынды қанағат тұтты. Үшінші орынға француз спортшылары  Натали Пешала мен Фабиан Бурза ие болды.