Чемпиондар Лигасы. Олимпик-Бавария (0:2)

Чемпиондар Лигасы. Олимпик-Бавария (0:2)

Кеше Чемпиондар Лигасының екі бірдей ширек финалдық ойыны болғандығын айтып өттік. Сол екі ойынның бірі Олимпик пен Бавария арасындағы текетірес еді. Осы матчқа талдау жасап көрелік. 

"Олимпик" - "Бавария" 0:2 

Ойын бастала салысымен, марсельдіктердің шабуылды былай қою тұрып, саналы түрде қорғануға ерекше көңіл бөліп тұрғандығы көрініп тұрды. Бавария болса, алаң иелерінің қорғанысын бұзуға барынша талпынды. Бірақ ол әрекеттерінің нәтижесі ойынның басында байқала қойған жоқ. Мысалы, жетінші минуттағы бұрыштан соғылған допты Фанни басымен қақпаға тоғытуға тырысқан. Бірақ Мануэль Нойер допты кері қайтарып, өзінен аластатып жіберді. Доп Лоик Ремидің аяғының ыңғайына келіп, гол соғуға жақсы мүмкіндік алса да, соққы сәтсіз болып, доп қақпадан мүлт кетті. 

Кейін Лоик Реми Томас Мюллердің аяғына доп салып беріп еді. Қақпаға бағыттаудың ыңғайлы сәті келіп тұрса да, Томмас ойыншалырды айналып өтіп, қақпа төңірегіне допты жақтастарына қарай бағыттады. Бұл сәтте де Баварияның қанжығасы майлана алмады.

30-минутқа қарай ойынның қарқыны бәсеңдеп, футболшылардың шаршағандығы байқалды. Дегенмен таймның соңына қарай, екі тарап бір-біріне қарымта шабуылдар ұйымдастырып, есеп ашуға барынша тырысып бақты. Мысалы, Реми айып алаңынан тыс жерден әдемі соққы бағыттаған. Дегенмен, доп Нойердың қолынан табылды. Есесіне Бавариялықтар тарапынан Роббеннің әдемі пасынан кейін Гомес допты төменірек теуіп, еппен қақпадан шығарды.

Екінші таймда Олимпик қарқынын арттырып, шабуылға көшті. Ойынның  48-минутында Андре Айю көзге түсіп, қақпаға әдемі соққы бағыттаған. Дегенмен, қорғаушылар өз орнынан табылып, қақпаны голдан қорғап қалды.  

Матчтың 59-минутында Гомес екінші голын соғуға жақсы мүмкіндік алған еді. Дегенмен, Олимпик қақпашысы Андраде шеберлік танытып, қақпаны қорғап қалды. Осыдан кейін Реми Жером Боатенгтен айласын асырып, допты алғаннан кейін, Бавария қақпасына екпінді соққы бағыттады. Бірақ Ноуердің шеберлігі жойқын соққыға қарсы тұры білді. 

Ойынның 67-минутында Роббен марсельдік голкипер Андраде бірге-бір қалып, еш қиындықсыз допты арғы штангіге бағыттап, қақпаға тоғытты. Ойынның соңына қарай Олимпик ойыншылары ерекше шеберлікпен көзге түсе алмады. Есеп - 0:2

"Олимпик": Андраде, Аспиликуэта, Нкулу, Фанни, Морель, А.Диарра (Шейру, 71), Мбиа, Амальфитано (Брандао, 68), А.Айю, Вальбуэна, Реми 
"Бавария": Нойер, Лам, Боатенг, Бадштубер, Алаба, Луис Густаво, Кроос (Тимощук, 63), Роббен, Мюллер (Швайнштайгер, 70), Рибери (Праньич, 79), Гомес 
Ескертулер: А.Диарра, Мбиа - Кроос, Лам, Луис Густаво, Швайнштайгер, Алаба 
Голы: Гомес, 44, Роббен, 69

сурет: ru.uefa.com