Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Анна Нұрмұхамбетова – Азия чемпионы!

Анна Нұрмұхамбетова – Азия чемпионы!

Анна Нұрмұхамбетова – Азия чемпионы!

Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде келіп түсті. Алтын жүлдені қоржынымызға салған – Анна Нұрмұхамбетова.  

75 келідегі бұл әйелдер арасындағы жарысқа 10 бірдей зілтемірші қатысты. Оның ішінде біздің Анастасия Швабауэр мен Анна Нұрмұхамбетова да болды.

Бірінші жаттығу, яғни жұлқа көтеру барысында алтын медаль үшін басты таласты жүргізеді деп жоспарлаған солтүстік кореялық зілтемірші Ким Лин Джу мен кореялық Парк Хигджин үш мүмкіндігінде де 113 келі тартатын зілтемірді көтере алмай, қос сайыс бойынша жүлделі орыннан құр қалды. Есесіне, Анна Нұрмағамбетова 113 келіні басынан асыра көтеріп, жұлқа көтеруді бірінші орынмен аяқтады. Ал екінші отандасымыз Анастасия Швабауэр 98 келімен бірінші жаттығуды бесінші орынмен қорытындылады.

Екінші жаттығу барысында Аннаның басты қарсыластары жоқ болғандықтан, ол тәуекелге бармай 130 келімен бастап, бұл салмақты оңай алды. Екінші мүмкіндігінде 135 келіні де бағындырған. Дегенмен, үшінші мүмкіндігінде 137 келіге шамасы жетпеді. Бірақ бұл Нұрмұхамбетованың қоссайыс бойынша чемпион атануына кедергі болмады. Қоссайыс бойынша екінші орынды тайпейлік Ванг Иа-джен алды. Оның көрсеткіші – 231 келі. Үшінші орын алған қытайлық Лин Тингтангта 231 келіні көтерген еді. Дегенмен, оның тайпейлік зілтеміршіден салмағы ауыр болғандықтан, үшінші орынға тұрақтады.

«Негізгі мақсатымыз – екінші орын алу болған еді. Дегенмен, жұлқа көтеру жаттығуын сәтті аяқтаған соң, алтын медаль алуға болатынын сездік. Бұл жеңісімді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының 75 жылдығына арнағым келеді. Сондай-ақ «Сарыарқа» спорт кешеніне жиналған жанүйерлерге рақметімді білдіремін», - дейді Анна жарыс аяқталған соң тілшілерге. 

Бұл салмақтағы біздің екінші отандасымыз Анастасия Швабауэр серпе көтеруде 120 келіні көтерді. Ал жалпы қоссайыс бойынша 218 келімен ол бесінші орынға орналасты.

Айта кетейікк, бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші медаль. Ертеректе, 66 келі салмақта Фархад Харки күміс алса, 85 келідегі зілтеміршіміз Евгений Эвстафьев қола алған болатын. 

Астанадан: Уалихан Қосанбай

Сурет: Уалихан Қосанбай

864 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 24 маусым 2013, 18:33
Пікірлер
+0
24 маусым 2013, 18:49

Алақаййййй! Алтыыыын :)

+0
24 маусым 2013, 18:54

қазақ па, орыс па осы қыз, Уалихан? Дегенмен қуаныштымын!

+0
24 маусым 2013, 18:59

«Негізгі мақсатымыз – екінші орын алу болған еді. Дегенмен, жұлқа көтеру жаттығуын сәтті аяқтаған соң, алтын медаль алуға болатынын сездік. Бұл жеңісімді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының 75 жылдығына арнағым келеді. Сондай-ақ «Сарыарқа» спорт кешеніне жиналған жанүйерлерге рақметімді білдіремін» дейді? Байқамай алтын алып қойыппыз дегені ме? Негізі барынша үздік, барынша рекордттық деңгейге жетуге дайындау керек қой спортшыларды!

+0
24 маусым 2013, 19:02

Құтты болсын!

+0
24 маусым 2013, 19:48

Ой, мәләдеессс, Аннажан! Жарадың! :) :) :)

+0
24 маусым 2013, 22:10

Құтты болсын!! Жарайсың

+0
25 маусым 2013, 00:07

Бәрекелді ғой әрине! Әлі талай жеңіс шыңынан көрінер! (Жұлқа деген сөз түрпідей екен біртүрлі... Жұлқып көтеріп алу деген мағынадағы термин бе сонда?)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...