Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол әлемінің соңғы жаңалықтары.

«Реал» Илкай Гюндоганға құда түспек


Дортмундық «Боруссияның» 22 жастағы жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган жаз соңында мадридтік «Реалдың» жейдесін киіп қалуы мүмкін.

Гюндоганның трансферлік құны 25 миллион еуроның төңірегінде бағалануда.

Ойыншының «Реал» жейдесін кию-кимеуі Роберт Левандовскийдің аталған неміс клубында қалу-қалмауына тікелей байланысты, дейді Marca.

«Боруссия» басшылығы негізгі құрамның ойыншыларын сақтап қалуға кірісіпті. Команда басшылығы ойыншылар құрамын өзгерткілері келмейтіндіктерін және ешкімді сатпайдықтарын хабарлап үлгерген.

Өз кезегінде, королдік клубтың аяқастынан мұндай қадамға баруының бірден-бір себебі, Хаби Алонсоның жарақат алып қалғандығы. Ота жасатқан 31 жастағы жартылай қорғаушының ендігі 3 айды алаң сыртында тамашалауы әбден ықтимал. «Реалдың»  орын басатын ойыншы қарастырып жатқаны да сондықтан.

Мессидің бұрынғы бапкері «Реалды» жаттықтыруға бармақ


Canchallena.com хабарлауынша, мадридтік «Реалдың» бас бапкерлігіне үміткерлер қатарында «Ньюелз Олд Бойз» командасының тренері Херардо Мартино да бар болып шықты.

Мартино біраз уақыттан бері  аргентиналық команданы жаттықтырып келеді. Соңғы жылдары «Ньюелз Олд Бойз» командасы Либертадорес клубогінің жартылай финалына дейін жете алды.

Одан алдын Мартинес Парагвай құрамасын жаттықтырып, Әлем Чемпионатының ширек финалы мен Америка кубогінің финалына дейін жеткізе алып еді.

Мартиноға одан бөлек те «Малага» мен «Реал Сосьедад» секілді командалары да ұсыныс тастап көрген. Бірақ, Мартионың шарттары оларға ұнай қоймапты.

Ал «Реалдың» қалап отырған қалаулысы, бар көз тіккені «ПСЖ» клубының тренері Карло Анчелоттиде.

Естеріңізге салсақ, Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси 1995-2000 жылдар аралығында «Ньюелзеде» өнер көрсеткен болатын.

Еуро-2013 турнирінің символикалық құрамы

УЕФА жастар арасында өткен Еуропа чемпионатының символикалық құрамын жариялады. УЕФА-ның ресми сайты хабарлауда.

Турнирдің ең үздік ойыншысы атағына каталондық «Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Тиаго Алькантара лайықталған.

Қақпашылар: Франческо Барди (Италия), Давид де Хея (Испания), Эрьян Нюлан-Хашорд (Норвегия).

Қорғаушылар: Марк Бартра (Испания), Лука Калдирола (Италия), Иниго Мартинес (Испания), Бруно Мартинс Инди (Голландия), Мартин Монтойя (Испания), Альберто Морено (Испания), Стефан Странберг (Норвегия).

Жартылай қорғаушылар: Алан Дзагоев (Россия), Льюис Холдби (Германия), Сиер Ияраменди (Испания), Иско (Испания), Адам Махер (Голландия), Тиаго Алькантара (Испания), Марко Верати (Италия.

Шабуылшылар: Фабио Боррини (Италия), Люк де Йонг (Голландия), Альваро Мората (Испания), Родриго (Испания), Джорджио Вейнальдум (Голландия)

«Қызыл сойқандар» Левандовскийге ресми түрде ұсыныс тастап көрмек


The Telegraph хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Девид Мойес мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуды команда құрамына қайтарып алғысы келетіні айтқан.

Алайда, арадағы ауысым төңірегіндегі келісім орта жолдан бұзылып, ендігі таңда ағлшын клубы басқа ойышыны қарастыруда екен.

Криштиану Роналду команда сапына оралмай жатса, онда ертелі-кеш поляк тумасы Роберт Левандовскийді сатып алмақшы.

Англияның көшбасшы клубының «Боруссия» басшылығына арнайы қолқа салуының бар сыры - осы.

Естеріңізде болса, польяк ойыншысына «Манчестер Сити» мен «Челси» секілді алпауыт клубтар қызығушылық білдіріп келуде.

«Челси» басшылығы Adidas компаниясымен 300 млн фунтқа келісім жасасты


Adidas компаниясы мен лондондық «Челси» жаңа келісімге қол жеткізді. Келісім бойынша лондондық клубтың 10 жыл ішіндегі табысы 300 млн фунты құрамақ, деп хабарлайды The Sun.

Футбол тарихында бұрын-соңды мұндай демеушілік келісім болып көрмеген екен.

Компанияның ұзақ уақытқа келісім баруының бірден-бір сыры -  Лондонға қайта оралған Жозе Моуринью.

Естеріңізде болса, өткен маусымда «Челси» командасы ішкі біріншіліктің 3-орнынан көрінді (38 ойында 75 ұпай).

Париждік клуб 19 жасап қорғаушыны 15 миллион еуроға сатып алып отыр


«ПСЖ» «Лилльдің» 19 жасар қорғаушысы Люк Динді сатып алды.

«Лилль» ойыншымен арадағы жасалған 2017 жылға дейін келісімді бұза отырып, 15 миллион еуро бағалаған көрінеді, деп хабарлайды Radio France. Қаржылық жағдайларын жақсартып алғысы келген команда, талантты ойыншыны сатуға бел буыпты.

Айта кетсек, өткен маусымда Динь «Лилль» сапында 33 ойынға өткізіп, 2 мәрте көзге түскен.

Абидаль «Монакомен» 2 жылдық келісім жасаспақ


Каталондық «Барселонаның» экс-қорғаушысы Эриек Абидаль «Монако» клубымен 2 жылдық келісімге отырмақ, дейді  Marcа.

33 жастағы ойыншы қазіргі таңда еркін агент рөлінде жүр.

«Күтіліп отырғандай, Абидальдың ауысымы ендігі аптада ресми түрде жария болмақ» - дейді  Давид Вендителли (фуболшының агенті).

Естеріңізде болса, Абидальдың футболдағы ең алғашқы баспалдағы «Монакодан» бастау алған болатын.

Ван Бастен «ПСЖ»-дан бас тартты


Нидерландық маман Марко ван Бастен франуздың «ПСЖ» командасын жаттықтырудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Voetbal International басылымының ақпарына сенсек, аты аңыз нидарландық аяқдопшы жергілікті «Херенвен» клубынан ( өзі жаттықтырып отырған)  кеткісі келмегенін мәлімдепті. 

«ПСЖ» басшылығы Карло Анчелоттидің орнын басатын жаңа жаттықтырушы қарастыру үстінде.

Естеріңізде болса, париждік клубтың өзге де ұсыныстары қолдау таппаған болатын: Гусом Хиддинк («Анжи»), Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Фабио Капелло (Ресей құрамасы ) және Франк Райкард.

Моуринью Матаны сақтап қалғысы келеді


«Челсидің» жаңа бапкері Жозе Моуринью Хуан Матаны «Барселонан» көргісі келмейді, деп ақпар таратуда BBC.

«Ақсүйектерге» қомақты қаржы ұсынылған күннің өзінде де, португалдық маман ойыншыны сатудан бас тартатынын мәлімдеген. 

25 жастағы испан ойыншысы өткен маусымда 49 ойын өткізіп, 15 гол, 19 нәтижелі пастың авторы атанған.

"Арсенал" мен "Рома" 17 жасар ойыншыға таласып көрмек


"Арсенал" загребтік "Динамоның" қорғаушысы Тин Едвайға қызығушылық танытуда.

Хабарланып отырғандай, "канонирлер" 17 жасар орталық қорғаушы үшін 8 миллион еуроны қолма-қол төлемек. "Динамо" басшылығы, содан бөлек те, тағы бір ұсыныспен бас қатыруда. Қорғаушыны 6 миллион еуроға бағалап отырған "Рома" басшылығы ауыс-түйіске дайын екендіктерін мәлім еткен.

Өткен маусымда Едвай "Динамо" сапында 13 ойын өткізіпті. Осы жылы Хорватияның ұлттық құрамасына шақырту алды.

Талантты жас хорват үшін "Арсенал" мен "Рома" текетіресі күтілуде.

Cурет:football.ua; ru.uefa.com; pt.appszoom.com   

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига