Карина Горичева Азия біріншілігінде соңғы орын алып қалды

Карина Горичева Азия біріншілігінде соңғы орын алып қалды

Жуырда ғана ауыр атлетикадан Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде жеңімпаз атанған Карина Горичева Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында соңғы орын алып қалды, деп хабарлайды Массагет порталының тілшісі.

20 жасар зілтемірші жарыс жолын жақсы-ақ бастаған еді. Ол бірінші жаттығу, яғни жұлқа көтеруде 104 келіні бағындырып, бұл бағдарламадан соң жалпы тізімде екінші орында аяқтаған болатын. Ал, жұлқа көтеруде бірінші орынды 110 келіні қиналмай көтерген тайвандық спортшы Лин Су Чи бірінші орын алды. Үшінші орында 104 келіден көтерген солтүстік кореялық Жо Пок Хуанг пен қытайлық Ву Линюн бөлісіп тұрды.

Серпе көтеруде де дәл осы төрт қыз жүлделі орындарға таласады деп жоспарланған болатын. Дегенмен, біздің отандасымыз 122 келі тартатын зілтемірді үш мүмкіндігінде де бағындыра алмай, жалпы есепте соңғы орынға түсіп қалды. Нәтижесінде қос сайыс бойынша, бірінші орынды тайваньдық зілтемірші алды. Ол серпе көтеруде 133 келіні бағындырып, жалпы есептегі көрсеткіші 243 келі болды. Екінші орында Жо Пок Хуанг. Оның жалпы көрсеткіші – 236 келі. Екі сайыс қорытындысы бойынша 222 келіні көтерген қытайлық спортшы Ву Линюн үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетейік, жарыстың екінші күніне 77 келі салмақтағы ер жігіттер нүкте қояды. Бұл салмақта біздің елдің намысын Лондон Олимпиадасының қатысушысы Кирилл Павлов қорғайды.

 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: Уалихан Қосанбай



Ю. НИКУЛЛИН