Азия біріншілігіне 22 мемлекеттің спортшысы қатысады

Азия біріншілігіне 22 мемлекеттің спортшысы қатысады

21-25 маусым аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан 44-ші ерлер мен 25-ші әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеге сары құрлықтың 22 мемлекетінің спортшылары қатысады. Оның ішінде Қытай, Корея Республикасы, Иран, Таиланд, Өзбекстан және тағы басқа елдердің ең мықты деген зілтеміршілері бар.

Азия біріншілігінің ресми ашылу салтанаты 20 маусым күні сағат 19.00-де деп жоспарлануда. Айта кетейік, Қазақстан бұл доданы алғашқы рет қабылдағалы жатқан жоқ. Естеріңізде болса, 2004 жылы сары құрлықтың басты додасын оңтүстік астанамыз – Алматы қабылдаған болатын. Ал 2009 жылы Талдықорғанда өткен.

Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы мынадай:

Ерлер:

Арли Чонтей (56 келі) – Қазақстан чемпионы.

Фархад Харки (32 келі) – Қазақстан Чемпионы.

Әділбек Балқаев (69 келі) – Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Кирилл Павлов (77 келі) – Азия ойындары (2010) мен Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2011). Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Ербол Мейірманов (85 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2009).

Александр Зайчиков (94 келі) – Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2009). Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Евгений Евстафьев (85 келі) – Қазақстан чемпионы.

Ибрагим Берсанов (+105) – Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы (2009). Жастар Арасындағы Әлем чемпионы (2012).

Әйелдер:

Галина Мамонова (48 келі) – Қазақстан чемпионы.

Маргарита Елисеева (53 келі) – Қазақстан чемпионы.

Сәуле Сәдуақасова (58 келі) – Қазақстан чемпионы.

Карина Горичева (63 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2011).

Гүлнәз Наурызова (69 келі) – Азия біріншілінің қола жүлдегері (2012).

Анна Нұрмұхамбетова (75 келі) – Жастар арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2011). Лондонда өткен Олимпада ойындарының қатысушысы.

Анастасия Швабауэр (75 келі) – Жастар арасындағы Әлем чемпоны (2013).

Александра Аборнева (+75 келі) – Жастара арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2006). Азия чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы.

Арнайы Массагет.кз үшін Астанадан: Уалихан Қосанбай

Сурет: Уалихан Қосанбай

Ю. НИКУЛЛИН