Футбол әлемінің жаңалықтары

Футбол әлемінің жаңалықтары

"Барсаның" қорғаушысы Жерар Пике әріптесі Андрес Иньестаның ой-пікіріне қарсы шығып, испан футболын дамытқандардың қатарында Жозе Моуриньюдың да есімі бар екенін алға тартқан. Айтпақшы, "Атлетико Минейро" сапында өнер көрсетіп жүрген Роналдиньо Еуропаға қайта оралуы мүмкін. Бүгінгі таңда аты аңыз ойыншыға түріктің "Бешикташы" құда түспекші. Сол уақытта Уэсли Снейдер лондондық "Челсидің" жейдесін киіп қалуы мүмкін. Футбол әлемінің жаңалықтары.

Гюндоган "Челси" сапына ауыспақ

Неміс басылымдары хабарлағандай, "Боруссия Д" командасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган лондондық "ақсүйектердің" қатарын толықтыруы мүмкін.

Хабарланып отырғандай, лондондықтар аталған клуб басшылығымен де, футболшының өзімен де ортақ келісімге келген. Жасындай жарқылдап жүрген жас ойыншының құны 18 миллион фунт стерлингке бағаланып отыр.

Жақын күндері ауысым туралы ресми мәлімдеме жасалмақ. Ал оған дейін: осы қыста неміс ойыншысы "Челси" сапына ауысудан бас тартқан-ды.

"Милан" Эль-Шааравиді сатпақшы


"Милан" командасының вице-президенті Адриано Галлиани Италия құрамасының шабуылшысы Стефан Эль-Шааравидің экономикалық жағдайға байланысты сатылымын теріске шығармаған. Айта отырсақ, аталған ойыншыға "Манчестер Сити" командасы қызығушылық білдіруде. 

Бірақ Эль-Шааравидің агенті кешегі күні бұл ақпардың терістігін алға тартыпты. Тіпті, Галлианидің өзі де осы бір ойыншыны сатпау жөнінде нұсқау бергенге ұқсайды.

"Барса" Торреске 20 миллион ұсынуда


"Челсидің" 29 жастағы шабуылшысы Фернандо Торресті "Барселона" сатып алмақшы, деп хабарлайды sport.es.

Жаңа маусымда лондондық клубтың қосалқы құрамында қалып қалуы әбден мүмкін. Ол қатарда "Челсидің" жаңа бас бапкері Жозе Моуриньюдің ішкі есебіне қайшы келетін секілді.

Фернандо Торрес ағылшын біріншілігінің 2012/13-маусымында 36 ойын өткізіп, 8 мәрте көзге түсіп, 9 ретте әріптесіне сәт пас шығарып берген.

Рафаэль Варан "Барсадан" бас тартты 

Сол аралықта Рафаэль Варан Каталондық «Барселонаға» ауысудан бас тартып отыр.

Ұзын құлақтың сөзіне сенсек, каталондық басшылық француз ойыншысын сатып алуға ниет білдіріп көрген. Алайда, корольдік клубтың қорғаушысы командадан кетпейтінін тілге тиек еткен.

Рафаэль Варан осы маусымда "Реал" сапында 33 ойын өткізіп, 2 мәрте дараланыпты.

Каталондық «Барселона» «Реал Сосьедадтың» 22 жастағы орталық қорғаушысы Иньиго Мартинеске құда түспекші.

Мартинестің «Реал Сосьедадпен» арада 2017 жылға дейін жасалған келісімі бар. Соған қарамастан, каталондық басшылық барлық өтемақыны төлеуге дайын екендіктерін мәлімдеген.

Мартинес осы маусымда «Реал Сосьедад» сапында 34 ойын өткізіп, 4 голмен көзге түсіпті.

"Арсенал" "Бенфиканың" қорғаушысына көз тігуде


"Бенфиканың" 22 жастағы қорғаушысы  Лоренсо Мельгарехо  "Арсеналдың" басты назарында, дейді Sky Sports.

"Канонирлер" бүгінде 6 миллион еуроға бағаланып отырған осы бір ауысым жайында арнайы сұраныс жіберіп үлгерген.

Лоренсо Мельгарехо Португалия чемпионатының 2012/13-маусымында 21 ойын өткізіп, 2 мәрте көзге түсіп, 3 ретте әріптесіне сәтті пас шығарып бере алған.

Матич үшін таласта "Челси" "МЮ" – ден айласын асырды

Sky Sports хабарлауынша, Сербия құрамасы мен "Бенфиканың" 24 жастағы жартылай қорғаушысы Неманья Матич "Челси"сапына ауысуға бір табан жақын.

Лондондық клубқа ауысуға келісімін де беріп қойыпты. 25 миллион еуроға лиссабондықтар қош айтыспақшы.

Неманья Матич Португалия чемпионатының 2012/13-маусымында 26 ойын өткізіп, 3 мәрте көзге түскен.

сурет: footballisimo.ru; footballhd.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига