Футбол әлемінің соңғы жаңалықтары

Футбол әлемінің соңғы жаңалықтары

Усейн Болт Марио Балотеллимен сөзге келіп қалған тұста, жанкүйерлер каталон тілінде Неймарға ән де арнапты. Лондондық "Арсенал" болса жазғы ауысымға қаржы үнемдеуге кірісіпті. "Челси" трансфер нарығын жаруға дайындалып жатыр екен. Футбол әлемінің өзге де жаңалықтары.

"Барселона" Бэйлді сатып алудың оңай жолын тауыпты

Каталондық "Барселона" клубы "Тоттенхэмнің" жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлді сатып алудың жолын тапқанқа ұқсайды.

"Реалдың" көз алдында Гарет Бэйлды сатып алмақшы. Fussball.ch басылымының хабарлауынша, Уэльстің 23 жастағы ойыншысын сатып алуда каталондық басшылық Давид Вильяны да арадағы келісімге қосуға дайын.

Айтпақшы, Гарет Бэйл 2017 жылға дейін лондондық клубтың сапында қалып, сол аралықта аптасына 170 000 фунт стерлинг жалақы алмақшы, деп хабарлайды Daily Mirror.

Рауль "Реал" жейдесін қайта кимекші

Катарлық «Аль-Садд» футбол командасы 19 немесе 20 тамызда мадридтік "Реалмен" "Сантьяго Бернабеу Кубогі" жолында таласқа түспекші. Бұл туралы Marca хабарлайды.

Аталған матч "Реалдың" бұрынғы ойыншысы және Испания құрамасының шабуылшысы Раульдің құрметіне арналады. Бүгінгі таңда аты аңыз ойыншы катарлық клубтың сапында өнер көрсетіп келеді.

Бұл ойын - Раульдың "королдік" клубтың сапындағы соңғы ойыны.

"Реал" сапынан үш ойыншы кетпекші


Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду "королдік" клубпен жаңа келісім жасауға келісімін беріпті, деп хабарлайды Cadena Cope.

Айта отырсақ, португалдық ойыншының "Реалмен" арадағы келісімшарты 2015 жылға дейін жасалған болса, ендігі таңда 2018 жылдың жазына дейін созылмақшы. Келісімнің қаржы жағы айтылмауда.

Роналдуға «Манчестер Юнайтед» пен "ПСЖ" секілді алып клубтар қызығушылық танытуда. Бүгінгі таңда париждік команда осы бір ойыншыға жылына 17 миллион еуро ұсынуда,  "Манчестер Юнайтед" басшылығы 76 миллион еуроны қолма-қол төлеуге бекінген. 

Сонымен қатар, қорғаушы Фaбио Коэнтрау мен Рауль Альбиол және шабуылшы Хoсe Кальехон секілді ойыншылар басқа командаға ауыспақшы. Бұған басты себеп ретінде команданың ішкі құрылымындағы орындары екенін айтқан.

Одан алдын, "Мaлaгa" командасы Кaльeхoнды сатып алмақшы деген де сыбыс шыққан, ал Кoэнтрaуға тоқталар болсақ, онда португалдық қорғаушының Жoзe Мoуриньo баптаған "Чeлси" немесе "Мoнaкo" сапына ауысып қалуы әбден мүмкін.

"Бавария" Левандовски үшін 30 миллион еуро ұсыныпты


The Sport1.de хабарлауынша, дортмундық "Боруссияның" шабуылшысы Роберт Левандовски "Бавария" cапына ауысу жолында келісімге барып жатыр.

Футболшы бір сөзінде, қазіргі командасына құрметпен қарайтынын, алайда, мюнхендік "Баварияның" сапында ойнау бала жастан келе жатқан арманы екенін жасырмаған.

Ақпарға сенсек, "Бавария" басшылығы осы бір ойыншы үшін 30 миллион ұсынып көрген.

Естеріңізге сала кетсек, Марио Гетце "Боруссиядан" "Бавария" сапына 37 миллион еуроға ауысқан-ды.

Мартен Стекеленбург «Фулхэмның» қақпашысы атанды


«Фулхэм» басшылығы өз сөздерінде тұрып, "қызғалдақтар елінің" және италияндық "Рома" командасының қақпашысы 30 жастағы Мартен Стекеленбургті сатып алды.

Бүгінгі таңда бағана күзетшісі төрт жылдық келісім жасасыпты, деп лондондық клубтың ресми сайты мәлімдейді.

Тоқтала кетсек, аталған қақпашы Голландия құрамасының сапында 54 ойын өткізген.

Ұзын құлақтың сөзінсе сенсек, Стекеленбург 5,5 млн еуроға бағаланған.

Cурет:isport.ua; dynamo.kiev.ua; www.eurosport.ru  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига