Федерер теннистегі 900-жеңісіне қол жеткізді

Федерер теннистегі 900-жеңісіне қол жеткізді

Швейцарлық аты аңыз теннисші Роджер Федерер мансап жолындағы 900-жеңісіне қол жеткізді.

Францияның Ашық чемпионатының ("Ролан Гаррос") төртінші айналымында француз спортшысы Жил Симонды жеңген болатын - 6:1, 4:6, 2:6, 6:2, 6:3. Ендігі таңда жартылай финалға болатын жолдама таласында тағы бір француз азаматы Жо-Вильфрид Тсонгамен кездесу өткізеді.

Сонымен, Роджер Федерер теннисте 900-жеңісіне қол жеткізген төртінші ракетка шебері атанып отыр. Ертеректе американдық Джимм Коннорс (1243), Иван Лендл (1071) және аргентиндік Гильермо Вилас (925) аталған жеңіс межесінен көрінген болатын.

Сонымен сол қатарда, швейцарлық спорт шебері Симонды тізе бүктіру арқылы Вилас пен итальяндық Никол Пьетранджелидің "Ролан Гаррос" додасындағы жеңіс санын қайталады. Енді аталған үш теннисшіде де 58 ұпай бар. Бірақ, үшеуден Федерер ғана мансап жолында тұрғандықтан, жақын уақыттарда бірінші орынға шығуға мүмкіндігі көп.

 

Cурет.www.sovsport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига