Неймар келісімен "Барсаның" жағдайы қиындады

Неймар келісімен "Барсаның" жағдайы қиындады

Қорғаныстағы қиындықтарды шешу үшін "Барселонаға" тез арада ойыншыларды сату қажет.

Неймар ресми түрде "Барселонаның" сапына келіп қосылды, алайда, әлемдегі ең талантты ойыншымен бірге дағдарыс та аттап кірген. Жалпы есепте Неймарды сатып алуға каталондықтар 60 млн еуро жұмсап үлгерген.

Қомақты сома клубтың жазғы ауысымға қажетті қорын бос қалдырған. Ендігі таңда туындап отырған олқылықтардың орнын толтыру үшін тез арада ойыншыларын сатуы қажет.

Оның үстіне, каталондықтардың қақпашысы Виктор Вальдес "Монако" клубына ауысып кеткен болатын. Сонымен сол қатарда испандық көшбасшының орталық бөлік қорғанысы қиындық тудырып келеді.

Неймарды сатып алмастан бұрын, Вальдестің орнына глaдбaхтық "Бoруссияның" қақпашысы Мaрк-Aндрe тeр Штeгeн немесе "Ливeрпуль" сапынан Пeпe Рeйнaның, орталық қорғанысқа Тиaгo Силва, Мaтс Хуммeльс секілді бірегей ойыншылардың ауысымы күтіліп еді.

Каталондық клубтың басшылығы қосалқы құрамда жүрген кез келген ойыншыға құда түсушілерді іздестірмек. Францияға қоныс аударған қақпашыдан 10 миллион, Дaвид Вильядан 10-15 миллион бұйырса, Тиaгo Aлькaнтaраны 18 миллоионға сатып жіберуіне және Бoян Кркичті "Милaн" сапында, Ибрaхим Aфeллaйды "Шaлькeнің" негізгі құрамында осы жылы да қалдыра беруіне болады.

Егер алда-жалда барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатса, онда "Барселона" ауысымға қажетті 40 миллионның басын құрар еді. Ал егер сәл ғана шетін мәселе шыға қалса, ол уақытта құрам күшейту жолындағы іс-қадамның күлі көкке ұшпақ. Өйткені, өзіңіз-ақ алып қараңыз, жақсы қақпашы сатып алу үшін 12-15 миллион төлем қажет болса, жақсы қорғаушы үшін де 20 миллион еуродан кем қаржы жұмсалмайды.

Қазірдің өзінде көптеген клубтар каталондық басшылықтың қиын жағдайын пайдалана отырып, қосалқы құрамдағы ойыншыларына аз төлем ұсына бастады.

Айтпақшы, "Милан" мен "Шальке" Кркич пен Aфeллaйды сатып алуға бәлендей асығып отырған да жоқ.

Сурет:news.sport-express.ru

Автор: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига