Гвaрдиoлa "Бaвaрияға" шабуылшы тапты

Гвaрдиoлa "Бaвaрияға" шабуылшы тапты

Мюнхендік "Бaвaрияның" болашақ жаттықтырушысы команда құрамын күшейтуге кірісті.

Mirror басылымының хабарлауынша, баварлықтарды алдағы маусымда жаттықтыратын Хoсeп Гвaрдиoлa "Ливeрпуль" сапында жасындай жарқылдап жүрген Луис Суaрeске құда түспекші.

Естеріңізге салар болсақ, аталған ойыншы ағылшын ішкі біріншілігінде "ақсүйектердің" қорғаушысы Брaнислaв Ивaнoвичті тістеп алам деп, ақыры он ойынға шеттетілген еді.

Ертеректе "Ливeрпуль" басшылығы Суaрeстің сатылмайтыны турасында мәлімдеме жасаған болатын. Соған қарамастан, жуырда ғана "қызылдардың" бас бапкері Брeндaн Рoджeрс әр ойыншының бағасы бар екендігін айтып қалыпты. Осы тұста қаперге алатыны, "Ливeрпуль" Суaрeс үшін 50 миллион фунт сұрап отырған көрінеді.

Тағы бір ақпарларға құлақ шалсақ, Суaрeс ағылшын командасынан кеткісі келген жағдайда "Баварияның" ұсынысына келісім беруі әбден мүмкін. Бұл жағдайда ағылшындық клубтың жанкүйерлері кетем деген ойыншыға клуб есігі ашық екенін түсінуден басқа амалдары да қалмайды.

Сурет: eurosport.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига