Еуропа Лигасының қарымта кездесулері

Еуропа Лигасының қарымта кездесулері

Еуропа Лигасының жартылай финалдық қарымта кездесуінде лондондық "Челси" мен швейцариялық "Базель" командалары кездеседі. Швейцарияда өткен алғашқы кездесуде Рафаның тәлімгерлері 2:1 есебімен басым түскен болатын. 

Швейцарлықтар бірінші матчта ойын соңына дейін тең есепті ұстап тұра алмады. Бір жағынан бар мәселені біліктілік шешкен секілді. Давид Луис өзіне келген әдемі мүмкіндікті оңтайлы пайдаланған еді.

Енді міне Лондондағы кездесуге келіп жетті. Бар басымдылық бүгінде "ақсүйектердің" жағында. Давид бастаған, Мата қостаған ойыншыларға тең есеп те жеткілікті. Ол үшін миллиондаған жанкүйерлердің алдында бар өнерлерін ұқыпты пайдаланса болғаны.

Сонымен қатар, Еуропа Лигасының жартылай финалдық қарымта кездесуінде "Фенербахче" мен "Бенфика" клубтары кездесу өткізеді. Бірінші ойында түріктер өз жерлерінде 1:0 есебімен артықшылыққа ие болған-ды.

Ойын Астана уақытымен 12:45-те басталады.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига