Алекс Фергюсон Ұлыбританияның ең бай бапкері атанды

Алекс Фергюсон Ұлыбританияның ең бай бапкері атанды

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон Ұлыбритания жерінде жұмыс істейтін бапкерлердің арасындағы ең байы екен. Бұл туралы Sunday Times хабар таратып отыр.

Осымен төртінші жыл Sunday Times басылымының рейтингі бойынша «қызыл сойқандардың» бас бапкері Фергюсоннның жалпы байлығы 34 миллион фунтқа бағаланып отыр.

Екінші және үшінші орында «Сандерленд» командасының бұрынғы бас бапкері Рой Кин мен 63 жасар «Арсенал» командасының француздық бас бапкері Арсен Венгер орналасқан. Басылымның есебі бойынша, бұл азаматтардың жалпы қазынасы 29 миллион фунтқа тең келеді.

Ал Ұлыбританияда ең абыройлы бапкер саналатын «Куинз Парк Рейнджерстің» тізгіншісі Харри Реднапп 13 миллион фунтпен тізімнің 9-сатысында. Лондондық «Челси» командасының бас бапкерлік қызметін атқарып жатқан Рафаэль Бенитес, Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон және Мартин О’Нилдің байлықтары 12 миллион фунт екен. Жалпы, ағылшын біріншілігінде тер төгіп жатқан қалған бапкерлердің есеп-шоттары әлі де болса есептеліп жатқан көрінеді. Сондықтан да бұл тізімнің толық нұсқасы келер аптада белгілі болады.

Айта кетейік, бұл тізімді жасау барысында Sunday Times басылымы бапкерлердің барлық табыс түсіретін тұстарын есептеген. Оларға меншікті жері, бағалы заттары, құнды қағаздары, бәйгеге қатысатын аттары және банктегі есеп-шоттары да енген.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН