Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі!

Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі!

Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі!

Бүгін оңтүстік астанамыз Алматы қаласында футзалдан УЕФА Суперкубогінің жеңімпазы «Қайрат» командасының елге оралуына байланысты баспасөз жиналысы болып өтті. Жиынға Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Саян Хамитжанов, «Қайрат» командасының президенті Қайрат Оразбеков және команданың бас бапкері Какау қатысты.

– Біз әлі де болса, «Қайраттың» Еуропа чемпионы атанғанына сене алмай отырғандаймыз. Дегенмен, енді бұл шындық. «Қайрат» расымен де Еуропа чемпионы. Барлығымыз куә болғандай, алдыңғы күні Қазақстан футзалы бүкіл әлемге танылды. «Қайрат» көз алдымызда ел спортының мерейін тағы үстем етті. Тағы бір қуантарлық жағдай, Суперкубокты «Қайрат» Қазақстан футболына 100 жыл толғанда жеңіп отыр. Бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі. Лондонда еліміздің абыройы асқақтаған сәттен бері бірнеше уақыт өтіпті. Міне, енді отанымыздағы спортсүйер қауым және бір айтулы қуанышқа кенеліп отыр. Осы оқидан соң, Қазақстанның барлық аймағындағы балақайлардың футзалға деген қызығушылығы тек артады деп ойлаймын. Қазақстан Футбол Федерациясының атынан жалпы «Қайрат» ұжымын жеңістерімен құттықтағым келеді, – деді жиын барысында ҚФФ-ның атқарушы директоры Саня Хамитжанов. 

«Қайрат» командасының президенті – Қайрат Оразбеков:

– Біз расымен өз ізімізді тарихта қалдырдық. Команда алдына қойған мақсатты толығымен де орындады. Енді біз екі ай көлемінде демалысқа шықсақ деген ойдамыз. Ойыншылар, бапкерлер және клуб ұжымы қыруар еңбек атқарды. Дегенмен, сол маңдай теріміз бен тынбай жасаған еңбегіміз лайықты бағаланды. Барша Қазақстанды жеңістерімен құттықтаймын. Мен Тбилисиде бізді қолдаған жанкүйерлердің соншалықты көп болғанына таң қалдым. Және сол үшін де оларға алғысым шексіз. Кубок Қазақ футболының 100 жылдығына тамаша сыйлық болды деп есептеймін. 

"Қайрат" командасының бас бапкері - Какау: 

– Ең алдымен біздің жеңісімізге елеулі үлес қосқан Алматы қаласының әкіміне алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ Қазақстан Футбол Федерациясына да алғысым шексіз. Команданың қызметкерлері де жеңіске елеулі үлестерін қосты. Сіздерге көрінбейтін шығар бұл еңбек, дегенмен ол кісілердің алаңның сыртында атқаратын қызметтері өте ауыр. Бұл тек "Қайраттың" ғана жеңісі емес, бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі деп білемін. Біз енді Еуропада нөмірі бірінші командамыз. Жартылай финал алдында "Барселонаның" президенті мен Мишель Платина каталондықтардың келесі кезеңге шығуын ерте бастан тойлаған болатын. Дегенмен, матч аяқталған соң, "Барселона" емес, біз финалда болдық. Тап осы ойыннан соң, бізде жоғалтатын ештеңе болмады. Ештеңеден де қорықпадық. Сол үшін де "Динамомен" өткен финалдық кездесуде жеңіске жеттік.

Бүгін мен испандық және бразилиялық белді басылымдардың біріне сұхбат бердім. Қараңыздаршы, енді біз мұхиттың арғы жағында да танымалмыз. Бұрындары шет ел командаларын Қазақстанға жолдастық кездесуге келтіре алмай әлек болатын едік, енді Еуропа командаларының өздері жолдастық кездесу өткізуге ұсыныс жасап жатыр. Менің 12 жігітім де нағыз қаһарман. Иә, мен олардың солай атаймын. Бүкіл Қазақстан солай атаса деген ниетім де бар. 

Репортажды дайындаған: Уалихан Қосанбай

918 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 30 сәуір 2013, 17:37
Тегтер: футзал, Қайрат,
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...