Блащиковски: "Боруссия" "Бернабеудегі" майданға дайын"

Блащиковски: "Боруссия"  "Бернабеудегі" майданға дайын"

"Боруссия" командасының жартылай қорғаушысы Якуб Блащиковски Чемпиондар Лигасының ширек финалдық аясында өтетін "Реалмен" арадағы ойынға өз пікірімен бөлісті. Оның ойынша, неміс машинасын тоқтату мүмкін емес екен.

Аталған кездесу, естеріңізге сала отырсақ, ертеңгі күні "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтпек. Неміс жерінде өткен алғашқы ойында Юрген Клопп жаттықтырған тәлімгерлер 4:1 есебімен басым түскен еді. 

"Аталған кездесу команда үшін және көпшілік үшін соңғы уақыттардағы ең маңызды ойын саналмақ. Сәрсенбі күні сәтті қадам жасадық, ендігі кезекте келесі қадамды жасауға тиістіміз.

"Реалға" деген бойдағы сыйластықты жасырмаймыз. Өз кезегінде өз күшімізге сенімдіміз. Бәрі де болуы мүмкін, алайда біз "Бернабеу" стадионындағы майданға сақадай-сай дайынбыз", - дейді польшалық ойыншы.

сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига