Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Боруссия" корольдік клубтың тас-талқанын шығарды

"Боруссия" корольдік клубтың тас-талқанын шығарды

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалында испандық азулы командалардың неміс жерінде жолы болмады.

Кеше мюнхендік «Бавария» өз алаңында каталондық команданы 4 доп айырмасымен ойсырата ұтса, бүгін мадридтік «Реал» да «Барсаның» кебін киді. Финалда испандық қос ұжымның ойынын тамашалағысы келген кейбір жанкүйерлер үшін «Эль-классиконың» ауылы алыстады.

Дортмундтық «Боруссия» өз алаңында барын салды. Алғаш болып есеп ашып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Ал матчтың нағыз қаһарманы - поляк Роберт Левандовски. Төрт бірдей допты корольдік клубтың қақпасының торында тулатты. Алғашқы таймда екі команда тең нәтижеде өнер көрсетіп шыққанмен, екінші тайм Лебандовскидің керемет голдарының арқасында жеңіс «Боруссия Д» командасының пайдасына шешілді. Енді «Реал» өз алаңында барын салғанның күннің өзінде ойын оңай соқпасы анық. Мадридтік команда ширек финалға шыққанда бас бапкер Жозе Моуринью: «Бір сескенсем, “Боруссия Д” командасынан сескенем» деген болатын. Расында да солай сияқты.

Естеріңізде болса, қос ұжым «D» тобында бірге өнер көрсеткен болатын. Сол кездесулерде неміс командасының өз алаңында мерейі үстем болса, «Сантьяго Бернабеуден» ұпай бөлісіп қайтқан-ды.

«БОРУССИЯ Д» (Германия) – «РЕАЛ» (Испания) 4:1 (1:1).

Дортмунд. «Сигнал Идуна Парк» алаңы. Төреші: Бьорн Кейперс (Голландия).

Голдар: Левандовски 8 (1:0), Роналду 43 (1:1), Левандовски 50 (2:1), Левандовски 55 (3:1), Левандовски 67-минутта пенальти арқылы (4:1)

Сары қағаз алғандар: Хедира 54, Өзіл 64, Левандовски 70, Рамос 90+2.

Қақпаға бағытталған соққылар саны:
«Боруссия» (Германия):11.
«Реал» (Испания):8.

Допқа иелік етті:
«Боруссия» (Германия): 48%.
«Реал» (Испания):52 %.

Ойыннан тыс қалды:
«Боруссия» (Германия): 3
«Реал» (Испания):5

Ойын тәртібін бұзды:
«Боруссия» (Германия): 12
«Реал» (Испания):14

«БОРУССИЯ» (Германия): Роман Вайденфеллер, Невен Суботич, Матс Хуммельс, Лукаш Пишек 83 (Кевин Гросскройтц), Марсель Шмельцер, Свен Бендер, Илкай Гюндоган 90+2 (Юлиан Шибер), Якуб Блащиковски 82 Себастьян Кель), Марио Гетце, Марко Ройс, Роберт Левандовски.

Бас бапкері: Юрген КЛОПП.

Жоспар:1-4-2-3-1.

«РЕАЛ» (Испания): Диего Лопес, Рафаэль Варан, Пепе, Серхио Рамос, Сами Хедира, Хаби Алонсо 80 (Кака), Месут Өзіл, Лука Модрич 68 (Анхель Ди Мария), Криштиану Роналду, Гонсало Игуаин 68 (Кәрім Бензема).

Бас бапкері: Жозе МОУРИНЬЮ.

Жоспар:1-4-2-3-1.

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет:eurosport.ru

1147 13
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 25 сәуір 2013, 12:02
Пікірлер
+0
25 сәуір 2013, 12:41

Испанияға көз тиді-ау дим :?

+0
25 сәуір 2013, 14:57

4-2-3-1 shema jaksy, 4isto bir forward, Levandovski dokazal, a Ronaldu krainyi nap.

+0
25 сәуір 2013, 16:35

Испания гегемониясы аяқталды. Глорлар, немістерге болеть етіңдер қазірден бастап, кейін палиться етіп қаласыңдар :lol:

+0
25 сәуір 2013, 17:50

Реал өтеді!

+0
26 сәуір 2013, 15:18

бітті уже мешок отстой өтпейт дәмеленбе мал команда го женилип жатса грубый ойнаит или стимулировать етет

+0
26 сәуір 2013, 23:28

Barcelona FC, барсаның ойынын көрдік, симулянт реалда емес, сендерде екен ғой. Альбаны көріп қаттым ау. Педро өзінен өзі барып соғыла береді :lol: А так релда шанс бар и көресин олар ұтады. Ал барсаға алдағы турнирде сәттілік! :D

+0
25 сәуір 2013, 19:54

Реал Мадрид кашанда солл гооой()))))корес1ндер Реал биыыыл аладыы))

+0
26 сәуір 2013, 15:19

тфу ма алат

+0
25 сәуір 2013, 20:09

Ронни екі гол салады, игуаин мен озил да салады

+0
25 сәуір 2013, 22:35

хех, :lol: , ронни кайда реал кайда

+0
26 сәуір 2013, 20:22

Ронни ол Роналду !!!! :x

+0
25 сәуір 2013, 22:53

жеңеміз 10 кубогты 11жыл бойы күттік қой тіптен болмаса келесі жылы жеңеміз

+0
27 сәуір 2013, 22:18

Германия мыкты го Испандык командалар утылып калады ендй :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...